Өзгені төмендетпей, өзіңді жақсы көре біл

Өзін-өзі жақсы көру – бұл өзіңе мейірімділік, түсіністік және құрмет көрсету процесі. Бұл эгоизм емес, керісінше, адамның өзін-өзі тануға, бағалауға және қорғай білуге бағытталған саналы әрекеттер жиынтығы.

Менің бұл мақалам  өз-өзіңізді жақсы көруге шақырады. Әсіресе өзін қоғамда тым  төмен санайтын, стресс пен күйзеліске бейім болатын және созылмалы аурумен ауыратын адамдарға кішкене сенімділік ұялатқым келеді. Мұндай адамдарға меніңше, өз-өзімен күресу арқылы ғана өзін қабылдай алады. Өзін қабылдай алмаған адамды, өзгелер де қабылдай алмайды.Өзін-өзі жақсы көру – бұл өзіңе мейірімділік, түсіністік және құрмет көрсету процесі. Бұл эгоизм емес, керісінше, адамның өзін-өзі тануға, бағалауға және қорғай білуге бағытталған саналы әрекеттер жиынтығы.  Өзіне сену және өзін-өзі жақсы көру ұғымдарын діни көзқараспен қарастырғанда, бұл түсініктер көптеген діндерде, әсіресе исламда терең мағынағы ие. Бірақ бұл «мақтаншақ болу» немесе «өзімшіл болу» деген емес – керісінше, Алланың берген нығметі, жан-дүниеңді және өміріңді қадірлеу. Сол үшін де біздің жаратылысымыз әр-түрлі болғандықтан әр адам өзінше сымбатты, өзінше қылықты.

 

Өзіңе деген сенімсіздік – әуелден жақын ортадан пайда болады. Мысалы: отбасынан, мектеп қабырғасынан, белгілі бір оқиға түрткі болуы да мүмкін. Яғни, тұлғаның өсу жолында жиналған ішкі және сыртқы фактордан туындайды.

Мақала авторы – Ақтоты Жапатова, 2023 жылғы 4 шілдеде Massaget.kz сайтында жарияланған “Өз-өзіңізді жек көруіңіздің себептері” туралы жариялаған болатын. Ақтоты Жапатова мақаласында өзін-өзі жек көру сезімінің арғы жағындағы негізгі факторларды (балалық шақ, токсик қарым-қатынас, ұят, сатқындық) талдап, осы сезіммен күресудің нақты және тиімді жолдарын — ішкі сыншыдан арылу, кешіру, ортаңызды өзгерту, күнделікті жақсылық істер және салыстырудан бас тартуды ұсынады.Төмендегі сілтеме арқылы осы мағлұматтармен таныса аласыз.

https://massaget.kz/layfstayl/oz-oznzd-jek-korunzdn-5-sebeb–86594/?utm_source=chatgpt.com

Осы мәселе бойынша, түрлі адамдарымдың жауабын алдым. Ең бірінші жақын құрбым КазАту университетінің екінші курс студенті Мұрат Алтынмен пікірлестім. .

Өзін өзі жақсы көрген адам  өмірде қандай жетістіктерге жетеді?

— Менің ойымша, өзін жақсы көріп тұрған адам, өзіне сенімді болғандықтан, мүмкін емес затты мүмкін қылатындай жетістікке жете алады. Оған мысал Илон Маск, Джеки чан, Дж Роулинг деген әйгілі кісілерді мысалға келтіруге болады.

Өзіңді басқалармен салыстыру дұрыс па?

— Әрине дұрыс емес, әр адам жеке тұлға, әр адам өзгеше жаратылған. Бұл меніңше, бала кездегі ата-ананың басқа балалармен салыстыруы, қазақта «жұрттың баласы» деген сөз бар. Осыған қатысты айтқым келетіні, өз балаңыздың кішкентай болсын жетістігіне қуана біліңіз.

Сонымен қатар Е.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің философия- психология факульетінің 2 курс студенті Каримова Бота былай жауап берді:

— Өзін өзі жақсы көретін адам менің ойымша өзінің қажеттіліктеріне сәйкес келетін жетістіктерге жетуге тырысады. Егер адам өзін жақсы көрмесе, ол өзіне өзі ограничения қояды, өзіне сенбейді. Сол себепті менің ойымша, қандай жетістік болмасын, өзін өзі қабылдау маңызды. Және өзін басқалармен салыстыру – қалыпты құбылыс. Себебі барлығымыз басқалар біздің қолымыздан келмейтін заттарды істей алады деп ойлаймыз. Бірақ біз де олар үшін “басқа” адамбыз ғой? Олар да бізге қарап таң қалуы мүмкін, біз оны кейде білмейміз. Сол үшінде адам бірінші өзінің ішкі жан дүниесін кітаппен байыту арқылы , өзіндік жетістікке жете алады.

Сонымен қатар мен өз анамның Жақсыүл Бердимуратованың пікірін де тыңдадым. Оның айтуынша:

— Өзіңді жақсы көрсең, денсаулығың да жақсы болады. Бірақ ана болсаң, ең бірінші балаларыңды жақсы көріп тұрасың. Ана болу оңай емес. Өзіңді және балаларыңды бірге алып жүру қиын. Сол себепті көптеген әйел адам баласы болған соң, өзін ойлауды ұмытады. Әрине, өзіңді жақсы көргендіктен өзіңе деген сыйластық танытуың керек.

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Филология-психология факультетінің докторы Кәріпжанова Шырын өз пікірімен бөлісті:

— Абай Құнанбайұлы былай дейді:«Өзіңді өзің сыйласаң, жат жаныңнан түңілер…»  егер адам бірінші өзін сыйласа, онда өзгелер де оны сыйлай бастайды. Сіз өзіңізді жақсы көрмесеңіз, сыйламасаңыз, дәл солай өзге адамдардың да сізге қарым -қатынасы солай болады.

Кейбір адамдар өзін емес айналасындағы адамдарды бірінші орынға қойып жатады. Тіпті өзіндік ойды ысырып тастайтындар да бар. Бұл әрине дұрыс емес. Мысалы: гүлді алсақ, ең алдымен гүлдің өзіне қорек керек. Егер оның өзіне қажетті қорек жетпесе, көп өмір сүрмеуі мүмкүн. Негізі әр адам өзіне психологиялық тұрғыда әрдайым мотивация беріп, жігерлендіріп отыруы тиіс.

Қортындылай келе,  өзін-өзі жақсы көру — адамның ішкі әлемімен үйлесімді өмір сүруінің негізі. Бұл тек өзіне сырттай тәнті болу емес, керісінше, өзінің құндылығын түсіну, қателіктерін кешіре білу, жеке шекарасын қорғау және психологиялық саулығын сақтау. Өзін жақсы көретін адам басқаларды да шынайы қабылдай алады. Өмірде мақсат қойып, соған сенімді түрде ұмтылады. Сондықтан өзін-өзі жақсы көру — толыққанды, мағыналы өмір сүрудің маңызды шарты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Шұғыл!