Өзбекстандағы саммитте Арал мәселесі көтерілді

Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтіп жатқан Бірінші Орталық Азия — Еуропалық одақ саммитінде Өзбекстан президенті қоршаған орта мен климатқа қатысты мәселелерге назар аударды: “Біз бүгінде климаттық дағдарыстардың кері әсерін – орман өрттерінің жиілеуі, шөлейттену, мұздықтардың еруі, су қорының тапшылығы, ауа ластануын сезінеміз. Қоршаған ортаны қорғау жауапкершілігі бәріміздің мойнымызға жүктелген жауапкепшілік екенін ескерткім келеді. Бұл — саммиттің күн тәртібіндегі өзекті мәселесі”. 

Шавкат Мирзиеев экологиялық проблемаларды шешуде көршілес мемлекеттермен бірге жүзеге асырылып жатқан жобаларға тоқталды: “Орталық Азия елдері Климаттың өзгеруіне бейімделу стратегиясын әзірлеп, бірауыздан мақұлдады. Өзбекстан ортақ мақсаттар мен міндеттерді іс жүзінде жүзеге асыруда аймақтағы барлық серіктестермен тығыз жұмыс істеуге ниетті”.

Экология, қоршаған орта мен ауа климаттың өзгеруінен туындаған түйткілдердің бірі — Арал теңізінің құрғауы. Өзбекстан Еуропалық одаққа мүше елдермен бірге Арал теңізінің құрғауының салдарын жеңілдету, суды ұтымды пайдалану, «таза» энергия көздерінің үлесін кеңейту бағдарламалары аясында ынтымақтастық орнатқан.
Мұндай серіктестік Орталық Азияның тұрақты жасыл дамуына маңызды үлес қосары анық.

Нәзия Жоямергенқызы, Самарқанд, Өзбекстан.

Сурет: Sputnik.uz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Самарқандта "Арал мәдени саммитінің” көрмесі өтті

Сәр Сәу 16 , 2025
Оқылды: 80 Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтіп жатқан «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» бірінші ресми саммиті шеңберінде мемлекет басшылары “Арал мәдени саммитінің” көрмесін бірге тамашалады. Көрмеде Арал экожүйесін қалпына келтіруге, өңірдің мәдени мұрасын сақтауға және тұрақты дамуға ықпал етуге бағытталған бірегей бастамалар ұсынылды. Ұйымдастырушылар  көрнекі, сенсорлық және интерактивті элементтер арқылы Арал […]

Шұғыл!