Вирусқа қарсы қолданылатын заттар химиялық жолмен дайындалады

Химия пәні бойынша мұғалімдер арасындағы әлемдік байқауда үздік деп танылған маңғыстаулық Жігер Телеуханов қашықтан оқыту – ұстаздарға үлкен білім беру платформасын дайындауға мүмкіндік бергендігін айтты.

http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар.

Жас маман ҚР БҒМ-нің Фейсбук әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринованың қатысуымен «Қашықтан оқыту – оқушылар мен ата-аналар үшін жаңа тәжірибе» тақырыбында өткен онлайн конференцияға қатысып, қашықтан білім беру жайлы өз пікірімен және тәжірибесімен бөлісті. «Мектеп мұғалімдерімен бірігіп мектебіміздің оқушыларына видеосабақтар түсіріп жатырмыз. Одан басқа, қазір өте жақсы таралып жатқан челлендж арқылы үйдегі бар мүмкіншілікпен химиялық заттарды тексеріп көруді бастадық. Мысалы, үйде сабын, сусабын, кір жуғыш заттар жасауға болады. Бұның бәрі – химия болғанымен, 50%-ы -мектеп бағдарламасы», – дейді Жігер Телеуханов.

Маңғыстаулық мұғалімдер стабилизатор, ароматизатор, эмульгатор, бояғыштардың зиянын Instagram әлеуметтік желісінде хештегпен белгілеп, өзара челлендж жасап, бір-біріне жіберуде. Оны әр оқушы түсінгені бойынша орындап, өз ойымен дискриптер арқылы жасауға тырысады.

 «Қазіргі жастардың көбі Instagram-ды қолданады. Хештег арқылы белгілі бір мұғалімді белгілеп, осындай әдістеме арқылы оқушыларды оқыту қызық болып жатыр. Оқушылар өз қолдарымен сезіп көрген нәрсесін жақсырақ түсінетін болғандықтан, бұл жерде жаңа мазмұнға келе жатырмыз. Яғни, бала баға үшін емес, өзі үшін оқу керек екенін түсінетін сәт туды»,дейді жас маман.

Конференция барысында химия пәнінің мұғалімі әріптестерін креативті болуға, сондай-ақ, әлеуметтік желілердің көмегімен баланы қызықтыратын әдістерді ойлап табуға шақырды.

Жігер Телеуханов химия пәнінің мұғалімі. Маңғыстау қаласы

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Ата-аналар қашықтан оқыту форматын қолдайды

Дүй Сәу 20 , 2020
Оқылды: 1  424 Қазіргі пандемия жағдайына қарамастан, бала білімнен қол үзбеу керек. Осындай пікірді бүгін «Қашықтан оқыту – оқушылар мен ата-аналар үшін жаңа тәжірибе» тақырыбында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринованың қатысуымен өткен онлайн-брифинг барысында Түркітілдес журналистер қорының президенті Нәзия Жоямергенқызы айтты. http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар. «Қашықтан […]