Қарағанды гарнизонына қарасты, Астана өңірлік қолбасшылығы, 31775 әскери бөлімінде Қарағанды өңірлік Әскери полиция басқармасының алдын-алу бөлімінің офицерімен «әскери бөлімді өз еркімен тастап кету және әскери қызметшілер арасындағы жарғылық емес қатынастарға жол бермеу» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Аталмыш шара барысында әскери қызметкерлер мен жас сарбаздардың қатысуымен әртүрлі сипаттағы сұрақтар қойылды және толыққанды жауаптар берілді, жаднама парақшаларда таратылды. Шараны ұйымдастырушы 3-сыныпты сержант Бауыржан Сауырбаев, өз кезегінде ол ҚР қорғау еліміздің әрбір азаматының борышы мен міндеті екендігін айтып, өзі қабылдаған шешімге қарсы шығып, бір жыл ер азаматқа тән қасиеттер мен ірі мінездер қалыптастырар ортаға төзе алмау ұят екендігіне тоқталды. Қарағанды өңірлік Әскери полиция басқармасының алдын алу бөлімінің офицері, әскерде орын алар ықтимал тәуекелдерді азайту бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізді, мұндай іс-шара барлық әскери бөлімдерінде ұйымдастырылады. Түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға немесе қару-жарақты қолдануда, қызметтік орынға жауапкершілікпен қарау мәселелері сөз болды. Өзіне берілген қызметін саналы түрде қалдырып кету, тиісті тұлғаны жауапқа тарту жазасына алып келеді. Мұндай бағыттағы жұмыстар алдағы таңда әліде жалғасын табады деп атап өтті, өз сөзінде шараны ұйымдастырушы.
« – Әскери бөлімді өз еркімен тастап кету және әскери қызметшілер арасындағы жарғылық емес қатынастарға жол бермеу мәселелері талқыға түсті. Әскери қызметке енді келген жас бозбала үшін, қиындықтар кездесуі мүмкін. Мұндай жағдайда қарсыласқаннан, мінез көрсетіп ерегіскеннен пайда таппайсыздар. Осылайша шыдамдылыққа үйренесіз. Сапалы тамақтанып, салауатты өмір салтын сақтау арқылы жаман ойлардан арылып үйрену керек. Қиындыққа түсіп, әскерден қашатындай қазіргі уақыт жаугершілік заман емес. Әскери қызметті тастап кету жайттары орын алмас үшін, мұндай сабақтар өткізілгені дұрыс деп ойлаймын. » – Қарағанды өңірлік Әскери полиция басқармасының алдын алу бөлімінің офицері, 3 сыныпты сержант Бауыржан Сауырбаев.