Қарағанды облысының ТЖ департаменті хабарлайды!
http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар.
«Қазгидромет» РММ мәліметтеріне сәйкес мереке күндері күндізгі және түнгі ауа температура жоғарылайды және жауын жауады деп болжанып отыр. Сондықтан 20-23 наурыз аралығында Қарағанды облысының өзеңдерінде қар еруі, мұздық құбылыстардың әлсіреуі және су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Сонымен қатар, облыстың өзендерінде мұзды ұсақтау жұмыстары жүргізілуде. Ірі су қоймаларынан суды ағызулар ұлғайтылды. Су айдындарында көктемгі мұз жамылғысы берік емес. Қауіпсіздік шараларын сақтаңыздар!
– Мұз бетіне шықпаңыздар!
– Мұз бетіне көлікпен шықпаңыздар!
– Балық аулаудан бас тартыңыз!
– Жарық, ойық жерлерге жоламаңыздар!
– Балалардың өз бетерінше су қоймаларына баруына жол бермеңіз!
– Балаларға су айдындарындағы тәртіп ережесін түсіндіріңіз!
Барлық оқиғалар мен ТЖ туралы 112 немесе 8(7212) 43-36-36, 43-37-37 телефондары арқылы хабарласыңыз.