Түркиядағы «Мәдениет жолы» фестиваліне қазақстандықтар да қатысты

Өткен аптаның 1-9 маусым аралығында Түркияда «Мәдениет жолы» фестивалі өтті. Бұл апталықты республика бойынша туризмді дамыту мақсатында мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды.

Осыған орай Түркияның және әлемнің жұлдыздары әр қалада жұртшылыққа жеке концерттерін қойды.
Сондай-ақ көрші мемлекеттер арасында баспасөз туры да өткізілді. Аталған баспасөз турына Қазақстанның атынан Түркітілдес журналистер қорының ықпалымен Хабар Агенттігінің журналисі Нұрлан Әбдікәрім және операторы Айбек Ақшолақов барды. Делегаттардың арасында Австралия, Қырғызстан, Өзбекстанның да журналистері мен блогерлері болды. Баспасөз туры Ыстамбұл, Мудания, Изник, Бұрса қалаларында өтті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Тарихы терең Ая-София мешіті

Жұм Мау 21 , 2024
Оқылды: 290 Түркия мемлекетіндегі алып ғимарат Айя-София мешітін әлем танитыны белгілі. Бірақ бұдан бқлек бұл елде тағы екі Айя-София мешіті бар екен. Бірі Ыстамбұл қаласында орналасқан. Ендігісі бұрынғы Никея, қазіргі Изник қаласында орналасқан. Сырт көзге жұпыны көрінгенімен әр тасында тарих бары бірден сезіледі. Ғимарат VI ғасырда византиялық император Юстиниан I-нің […]