Студенттер туралы қызықты мәліметтер

http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар.

Студенттік кезең – өмірдің ең бір қызықты, мәңгілік ұмтылмастай керемет шағы. Жатақхана, мөлдір махаббат, алғашқы қиындықтар, емтихан. ұйқысыз түндер, ауылға деген сағыныш. Мұндай тамаша сәттердің қадірі студент деген асқақ атты иемденген кезде ғана білінеді. Күрең күздің жаңбыры да, қытымыр қыстың қақаған аязы да, жаймашуақ жаздың аптапты ыстықтары да, көгілдір көктемнің батпақтары да білінбестен тез өте шығады…

Студенттік өмір туралы айтылатын қызықты мәліметтер тым көп мысалға:

  • Жапондық студенттер емтиханға өздерімен бірге Kit Kat шоколадын алып кіреді. Бұл – олардың сәттілік әкелетін бойтұмарлары екен. «Кitto katsu» жапон тілінен аударылған. «Міндетті түрде жеңемін» деген мағынаны білдіреді.
  • Жыл сайын студенттер есейіп келеді. Еуропада студенттің орташа жасы шамамен жиырма бес жас. Алайда Ресейде 18-ден 21 жасқа дейінгі студенттер көп.
  • Everest Poker компаниясы өздерінің маркетингтік зерттеулері арқылы онлайн-покер ойыншалырының басым бөлігін студенттер құрайтындығын анықтады.
  • ХІХ ғасырда шарапханадан қайтқан Ресей студенттерінің арқасына олардың мекен-жайлары жазылып жіберілетін болған. Бұл қатты масайып қалған студентке үйіне жетуге көмектесушілер үшін жасалған көрінеді.
  • Норвегияда жоғарғы білімді тегін, еш кедергісіз алуға болады. Сондай-ақ студентке несие беріледі.
  • Йель студенттері өздерінен төмен курста оқитын замандастарына дәптерлерін көшіртуге еш қиналмастан береді екен. Тегін. Бірақ көшірген студенттің көзіне жасыл бояу жағып тастайды да, күн бойы студенттің үстіне мініп жүреді.
  • Коимбра португал университетінің дәстүрі жергілікті жерде аңыз болып тараған. Бұл – «ленталарды жағу» рәсімі: студенттер арнайы құтыларда өз факультетінің түстеріне боялған кең ленталарды жағады. Аталмыш шара олардың студенттік өмірінің аяқталуын білдіреді.

Ақпарат әлеуметтік желіден алынды.

aimaq09.kz сайтына дайындаған

Шыңғыс Сағындық, Қарағанды облысы, Қаражал қаласы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

"ШЕВРОН" 70 МЫҢ РЕСПИРАТОР МАСКА ТАРАТТЫ

Бей Мам 14 , 2020
Оқылды: 2  238 http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар. инфекция жағдайларында медициналық персоналды қорғауды күшейту жобасының аясында “Шеврон” компаниясы Колумбия университетінің жанындағы ICAP орталығымен бірге Алматы қаласындағы медициналық мекемелерге 70 000 респиратор маска тапсырды. Алматы қ. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ұсынысы бойынша, маскалардың көбі COVID-19 диагнозы расталған пациенттерді емдейтін және […]