Stop Musor жобасы жастарды экологиялық өмір салтын ұстануға үйретеді

2022 жылғы 19 мамырда StopMusor эко-кампаниясы аясында Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы жастар мен елорда белсенділері үшін ақпараттық-оқыту алаңын ұйымдастырады.

Іс-шара экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрмыстық қалдықтарды жауапкершілікпен кәдеге жарату, сондай-ақ World clean up day дүниежүзілік акциясы аясында еріктілерді даярлау мақсатында өткізіледі. Қазақстан 2018 жылдан бастап ауқымды акцияға қатысушы. Сонымен қатар аталмыш акцияға қатысушылар мен мүдделі тұлғалардың саны жыл сайын артып келеді.
Аталған іс-шарада Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының Басқарма төрағасы А.С. Соловьева, ҚР Парламентінің және ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері құттықтау сөз сөйлейді.

Арнайы шақырылған қонақтар:
Эко белсенді, Let ‘ s do it Qazaq Eli өкілі Шасалим Шагалимов Қазақстанда және әлемде World clean up day дүниежүзілік акциясын өткізу тәжірибесі туралы айтып береді.
Biopack әлеуметтік кәсіпорнының негізін қалаушы Мирас Аббасов экобелсенді тұлға экологиялық бизнестің мүмкіндіктері, жоба қандай нәтижелерге қол жеткізгені және қалалардағы қоқыс мәселесін шешуге қалай әсер ететіні туралы әңгімелейді.
Бағдарламаға сәйкес қатысушылар үшін келесі шеберлік-сабақтары ұйымдастырылады: «Қалдықтарды бөлек-бөлек дұрыс жинау туралы. Қалдықтарды жіктеу. Менің «Эко үйім». Экологиялық саяхат». Спикер Мәриям Қасымова, экотренер, экоконсультант.
«Топ құрау. Жеке тиімділік». Спикер Эмин Әскеров, әлеуметтік кәсіпкер, бизнес-тренер.
Сондай-ақ, барлық қатысушылар World clean up day дүниежүзілік акциясына дайындық мақсатында 21 мамырда өтетін экологиялық сенбілікке қатысады.

* Аккредитациядан өту және қажетті ақпараттарды алу үшін 18 мамырға дейін Қауымдастықтың баспасөз хатшысы Меруерт Абдалиеваға +77784560999 телефон нөміріне қоңырау соғыңыз немесе meruert_1968@mail.ru электронды поштасына, хабарлама жазуыңызды сұраймыз.

* Stop Musor жобасы тұрғындардың сауаттылығы мен әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ азаматтар арасында тұрмыстық қалдықтарды жауапкершілікпен кәдеге жарату мәдениетін тәрбиелеуге бағытталған.
Жоба аясында арнайы www.stopmusor.kz сайты әзірленіп, іске қосылған. Сондай-ақ, сіз жобаның әлеуметтік желілердегі https://instagram.com/stopmusorkz және https://www.facebook.com/stopmusorkz парақшаларына жазыла аласыздар. StopMusor әлеуметтік жобасын «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС қаржылық қолдауымен Қазақстанның экологиялық ұйымдарының Қауымдастығы іске асырып келеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

ШЫҰ мүше мемлекеттердің туристік индустрия форумы

Бей Мам 19 , 2022
Оқылды: 994 Ташкентте «ШЫҰ мүшелері-мемлекеттер ынтымақтастығының жаңа кезеңі: туризм және мәдени мұра» халықаралық форумы өтіп жатыр. 19-20 мамыр аралағындағы Туристік индустрия өкілдерінің басын қосқан   аталмыш іс-шараға еліміздің мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев та қатысты. Форумға Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан сияқты ШЫҰ мүшелері-туристік ұйымдардың басшылары, сондай-ақ […]