Спасск полигонында оқ ату даярлығы өтті

Қарағанды гарнизонындағы механикаландырылған бригаданың жеке құрамы жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес оқ ату жаттығуларын өткізді. Жаттығу алдында сарбаздарға атудан нұсқаулық жүргізіліп, кейін іс жүзінде орындалды.

 
Жеке құрам таңертең  «Спасск» оқу-жаттығу полигонына келіп, жаттығу жұмыстарын бастады. Атыс даярлығы бойынша сынақтар тапсырылып, нұсқаулық алған жеке құрам ұрыс техникасының көмегі арқылы көздеген нысандарын жойды. Дайындық жұмыстары жүргізілмес бұрын, шабуылдау жолдарын белгілеп, сызба жасалды.
– Бүгінгі өткізілген жауынгерлік даярлықтың нәтижесінде дене шынықтыру, нысанаға дәл тигізу, кәсіби даярлықпен қатар әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлығын байқаудың жалпы көрсеткіштері жақсы. Жеке құрам техника мен қару-жарақты шебер әрі тиімді қолдана білді, – деп атап өтті бөлім командирінің орынбасары подполковник Әзілхан Рыспаев.
Жеке құрамның қатысуымен радиациялық, химиялық және биологиялық қорғану, әскери алғашқы медициналық көмек көрсету, оқу-жаттығу кезінде БТР көлігімен ұрыс жүргізу, ауыр көлік жанында қолайсыз ауа райы кезінде жаяу ұрыс жүргізу сабақтары қарастырылған. Оқ ату жаттығулары күндізгі және түнгі мезгілде жүргізіледі. Дене шынықтыру даярлығы өткен әскерилер нысаналарды жойып, шеберліктерін шыңдап қана қоймай, ұрыс кезінде жарақаттанған азаматтарға алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін де пысықтады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Кешегі сарбаз бүгінгі әскери отбасы

Жұм Там 13 , 2021
Оқылды: 1  120 Биыл, барша қазақстандықтар көпшілік болып, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтетіндігіміз баршаға аян. Осы жылдарда егеменді еліміздің айбынды армиясының әлеуеті артқандығы анық. Сонымен қатар, ел Тәуелсіздігін баянды ету мен Қазақстанның аумақтық тұтастығын қорғау жолында аянбай тер төгіп жүрген әскери қызметшілердің есімдерін ерекше атауға болады. Солардың бірі – […]