Әскерлерді қорытынды тексеру жалғасады

Қазақстан Қарулы Күштерінің құрамалары мен әскери бөлімдерінде оқу жылын қорытынды тексеру жұмыстары бастау алды. Бұл кезең қазан айының соңына дейін жалғасады. Аталмыш шараға Қарағанды гарнизонына қарасты механикаландырылған бригаданың мамандарыда жұмылдырылған.


Азат елдің айбынын көрсетіп, тәуелсіздігін баянды етуге жұдырықтай жұмылған ел әскерлерінің жауынгерлік дайындығының нақты жай-күйін, жеке құрамның даярлық деңгейін анықтау осы аптада бастау алған қорытынды тексеру жұмыстарының негізгі мақсаты.
– «Астана» өңірлік қолбасшылығына бағынысты әскери қызметшілер тактикалық, арнайы, оқ ату, саптық және дене шынықтыру даярлығанан сынақ тапсыруда. Сонымен қатар, машиналар мен автомобиль техникасын жүргізу, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау, әскери топография бойынша да білімдері сыналатын болады. Командирлерге жауынгерлік оқу-жаттығу қызметін ұйымдастыру жұмыстарының түрлерін, әдістерін жетілдіруде іс жүзінде қолдау көрсету басты мақсат болып табылады, – деді механикаландырылған бригада командирінің орынбасары, подполковник Әзілхан Рысбаев.
Отанымыздың тәуелсіздігін, тыныштығын, шекарасының бүтіндігін қорғайтын жауынгер болу – кез келген ер азамат үшін зор құрмет. Ал қорытынды тексеру нәтижелеріне сәйкес әрбір аталмыш әскери қызметші жеке-жеке бағаланатын болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Қызыл жарты ай қоғамы қауіпсіздікті сақтауға көмектеседі

Бей Қаз 21 , 2021
Оқылды: 990 Қызыл Жарты Ай волонтерлері Павлодар облысында дала жаттығуларын өткізеді.  «Қауіпсіз өмір» жобасы аясында 2021 жылдың қазан және қараша айларында Павлодар облысының Қызыл Жарты Ай волонтерлері облыстың 10 ауданы мен 3 қаласында төтенше жағдайларды ликвидациялау және апат қаупін азайту бойынша іс-шараларды іске асырады. Волонтерлер тұрғындармен ықтимал қауіп-қатерлерді бағалауды жүргізеді, аумақтардың қауіп-қатер карталарын жасайды, […]