Әскеріміз жаңа қарумен толықты

Қазақстанның әуе күші заманауи зениттік зымыран кешенімен нығайтылды
Еліміздің әуе кеңістігін қорғау үшін Қазақстанның әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлеріне алғаш рет өзі тәріздес техниканың ең тиімді өкілдердің бірі болып саналатын жаңа заманауи көпфункционалды «БУК-М2Э» зениттік зымыран кешенімен толықты.

«БУК-М2Э» – жоғары мобильді заманауи зениттік зымыран кешені, ұшу аппараттарын 99%-ға дейін зақымдау тиімділігі бар зымырандармен жабдықталған.
Аталған кешен құрамына жарықтандыру және бағыттау радиолокаторы, нысандарды анықтау стансасы, командалық пункт және іске қосу қуаттау қондырғылары, сондай-ақ жауынгерлік тапсырмаларды орындауды қамтамасыз етуге арналған жөндеу шеберханалары мен арнайы зертханалар кіреді. Зениттік зымыран кешені шынжыр табанмен жүруге негізделген. Кешеннің басты артықшылығы ол қозғалыстағы әуе нысаналарына зымырандарын ұшыруды іске асыруға мүмкіндік беретін ұтқырлығы мен жоғары өтімділігі бар.


«Бук-М2Э» көпфункционалды зениттік зымыран кешені «Алмаз-Антей» ШҚО концерні» АҚ-да дайындалған. Қазіргі уақытта зауыт мамандары кешенді тапсыру және оны Қазақстанның ӘШҚҚ әскерлеріне қаруландыруға қою жөнінде жұмыстарды жүзеге асырып жатыр.
«БУК-М2Э» орта қашықтықтағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдары арасында өзі тәріздес техниканың үздігі деп атауға болады. Жеткізілген кешен әуе кеңістігін және жауапкершілік аймағындағы маңызды объектілерді қорғау үшін әскерлердің жауынгерлік мүмкіндіктерін едәуір арттырады. Сынақтардан кейін ол елдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесіне біріктіріліп, жауынгерлік кезекшілікке түсетін болады», – деп ҚР ҚК ӘҚК бас қолбасшысы авиация генерал-лейтенант Нұрлан Орманбетов атап өтті.


Кешеннің ерекшелігі – жарықтандыру және бағыттау радиолокаторы. Дәл осы ерекшелігі жасыруға тиімді жер бедерлерінде де әрекет етуге мүмкіндік бере отырып, төмен ұшатын қарсыластың нысандарымен күресуге ықпал етеді, сондай-ақ бұл кешен зымырандармен қаруланған, оның сипаттамаларына жартылай белсенді өзін-өзі басқару кіреді.
«Зениттік кешеннің есептеулері бүгінгі техниканы қолдануға әзірлікке келтіру бойынша нормативтерді пысықтады, қарсыластың басқарылатын және дәлдігі жоғары ұшусыз құралдарын имитациялайтын, кейіннен оларды жоятын әуе нысаналарын анықтауды жүзеге асырды. Атыстар бұл кешеннің тиімділігін көрсетті, барлық нысаналар алынды», – деді әуе шабуылына қарсы қорғаныс офицері полковник Асхат Түзелбаев.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Біржолғы зейнетақы төлемін алу жолдары

Бей Ақп 4 , 2021
Оқылды: 1  264 Halyk Bank тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) алуға өтінімдер қабылдауды  бастады. Өтінімді үйден шықпай-ақ, Halyk (Homebank) мобильді қосымшасында онлайн беруге болады. Halyk Homebank қосымшасына өтінім берер алдында өтініш беруші enpf.kz немесе egov.kz  сайттарында пайдалану үшін қолжетімді БЗТ нақты сомасын нақтылауы қажет. Одан кейін ғана – БЖЗҚ-дан БЗТ алуға өтінімді Halyk(Homebank) қосымшасында онлайн беруге болады. БЗТ алуға өтінімді қалай беру қажет? 1. Halyk (Homebank) қосымшасын Android және iOS смартфондарына арналған соңғы нұсқасына дейін жаңарту қажет 2. Halyk (Homebank) қосымшасын ашып, бас экранда «БЗЖҚ төлемдерін» таңдау керек 3. БЗТ алуға […]