Әскерилер мектеп оқушыларымен кездесті

Бұқаралық қорғаныс және әскери – патриоттыққа тәрбиелеу бойынша айлық жұмыстарының ашылуы Ақтас қаласына қарасты Мәдениет сарайында ұйымдастырылды.

Дәстүрлі жиын Қарулы күштердің, халықтың жауынгерлік еңбек қағидаларын, оның ерлік тарихын, мектеп оқушыларына Отан туралы білімін тереңдетіп, қоғамдық-саяси көзқарасын кеңейтуге қалыптастырады. Аталмыш айлық аясында мектеп оқушыларына қасиетті жауынгерге қажетті тәртіпті, батырлыққа, шешімді болуға, ауыртпалықты жеңіп шығуға талаптануға, психологиялық және де дене жүктемелеріне шыңдалуға, мұғалім тапсырған тапсырманы орындауға дайындау жұмыстары қолға алынады. Әскери – патриоттық іс-шараларды ұжымдық ұйымдастыру ісіне Ақтас қаласына қарасты 44803 әскери бөлімі мен қатар 85510 әскери бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылды. Оқушыларға ұжым алдында жауапкершілікке, өзіне және жолдастарына талап қоя білуге, бір-біріне көмек жасаудың маңызын, тапсырылған істі аяқтау сезіміне тәрбиелеу жұмыстары қарастырылған. Бұқаралық қорғаныс және әскери – патриоттыққа тәрбиелеу айлығы аясында, ауған соғысының ардагерлері де шақырылды. Еліміз бойынша орын алған айлық, 7-сәуірден 7-мамырға дейін жалғасады. Әскери-патриотттық тәрбие беруде ауған соғысы ардагерлері мен әскери қызметкерлердің маңызы зор. Оқушылар ауған соғысында ерлік көрсеткен ардагерлердің  өмірбаянымен танысып, мемлекеттік марапаттауларға деген дұрыс көзқарастары қалыптасты. 

«Ұрпақты Отансүйгіштікке тәрбиелеу – басты міндет. Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы. Ең қасиетті Отанымызды, елімізді, жерімізді, сеніп тапсыратын, салт – дәстүріміз бен дінімізді, тілімізді келер ұрпаққа одан әрі жеткізеді деп сенім артамыз, мұндай айлықтың өтуі көңіл қуантады»,-деп атап өтті 44803 – әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеология жөніндегі орынбасары Рамазан Бақтияров.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Стамбулдағы мұражайлар тек балаларға арналған

Жұм Сәу 7 , 2023
Оқылды: 780 Стамбұлдың әртүрлі бағыттағы мұражайлары балалардың мәдениет, өнер, технология және тарих туралы білімдерін кеңейтіп, бүкіл отбасы үшін қызықты сәттерді сыйлайды. Аталған музейлер 23 сәуір – Түркияның Ұлттық егемендік күні мен Балаларды қорғау күніне дайындық жүргізіп жатыр. Балаларға арналған әлемдегі жалғыз ойын алаңы, 23 сәуір, Ұлттық балаларды қорғау күні балалар […]