Қарағанды өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасының әскери қызметшілерімен 2022 жылдың күзінде «Жас сарбаз» науқаны шеңберінде қорғаныс істері жөніндегі басқармалары мен бөлімдерінен шақырылған мерзімді әскери қызметшілерінің (2-2022 шақырылым) жеке істеріне мониторинг жүргізілд3.
Алдын алу шараларын жүргізу барысында, Басқарманың әскери қызметшілері әскерге шақырушылар гарнизондардың әскери бөлімдеріне екінші деңгейдегі банктер алдында несиелік міндеттемелермен келетіндігін анықтады.
Бұл ретте, олардың кейбіреулерінде мерзімі өткен, сондай-ақ осы несиелерді өтеу бойынша қиындықтары бар (олардың кейбіреулері борышкерлер тізілімінде борыш бойынша атқару парақтары бар) сарбаздардың
ай сайынғы ақшалай үлесін алу үшін банктік шоттарды бұғаттауға әкеп соғады.
Аталған жағдай әр түрлі құқық бұзушылықтарды жасауға алғышарттар жасайтыны белгілі (бөлімді өз бетімен тастап кету, әскери мүлікті ұрлау, әскери қызметшілер арасындағы жарғыға сай емес қарым-қатынастар және т.б.).
Осыған байланысты, Қарағанды өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасы алдын алу бөлімінің бастығы әділет подполковнигі Жарқынбек Молдахановпен «Көктем 2023» шақыру науқаны барысында жергілікті әскери басқару органдарының (аудандар мен қалалар) жеке құрамымен мерзімді қызметке (әскери шақырылушыларға) шақыру процессінде азаматтарға ҚР ҚМ орынбасарының жеделхат талаптарын, сондай-ақ әскери қызмет өткеру кезеңінде мұқтаж әскери шақырылушыларға несие бойынша төлемдерді кейінге қалдыруға «кредиттік демалыс» ұсыну жөніндегі меморандумды жеткізу жөнінде алдын алу жұмыстарын өткізді.
Одан бөлек, 2010 жылғы 2 сәуірдегі «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
42 бабының талаптарын жеткізді.