«Шеврон» корпорациясы су тасқынынан зардап шеккен жұртқа көмек көрсетеді

«Шеврон» корпорациясы «Шеврон Мұнайгаз Инк.» филиалы арқылы су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға көмек ретінде 3 миллион АҚШ долларын бөлетінін мәлімдеді.

«Ұзақ мерзімді серіктесі ретінде «Шеврон» Қазақстанға су тасқынының ауыр зардаптарын еңсеруге жан-жақты көмек беруге дайын деді «Шеврон» Еуразия бөлімшесінің басқарушы директоры Дерек МагнессБіз халықтың шұғыл қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін осы ресурстардың қажет екенін түсінеміз. «Шеврон» компаниясы Қазақстан халкына айнымасқолдауын білдіреді».

30 жылдан астам уақыт бұрын Қазақстанда қызметін бастаған сәттен бастап «Шеврон» елдегі әлеуметтік жобаларға 460 миллион доллардан астам қаржы бөлді. Компания 2020 жылы Қазақстанға 20 миллион АҚШ долларынан астам сомаға медициналық жабдықтар мен дәрілік заттар сатып алыпкоронавирус пандемиясына қарсы күресте қолдау көрсеткен алғашқы шетелдік компаниялардың бірі болды.

Нәзия Жоямергенқызы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Қарағандыға су департаменті керек пе

Дүй Сәу 8 , 2024
Оқылды: 543 Елімізде Су ресурстары және ирригациялық министрлігі құрылды. Енді Қарағанды облысын да заманауи технологияны игерген кәсіби мамандарды жинап, ғылыми зерттеулер жүргізетін, бар-өзен-көлді сақтауға, тиімді пайдалануға ықпал жасайтын суды реттеу департаментін құру керек емес пе?    Республика бойынша су тасқыны қауіп төндірген өңірлердің ішінде Қарағанды облысы алғашқылардың бірі болып, бетін […]