Зағип және нашар көретін жандарға арналған мамандандырылған кітапханада көзі көрмейтін әуесқой авторлардың (ақындар) «Шесть точек вдохновения» атты шығармалар жинағының тұсаукесері өтті. Кітапты құрастырып, басып шығаруға Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Зағип және нашар көретіндер Мәдениет үйі бастамашылық етті.
Кітапқа Қарағанды, Теміртау, Абай, Нұра ауданындағы Кәрім Мыңбаев атындағы ауылдың зағип және нашар көретін тұрғындарының (әуесқой ақындар), және Зағип және нашар көретін адамдардың Мәдениет үйі базасында жұмыс істейтін «Стих и Я» ақындар клубының жиырма екі мүшесінің шығармалары енген.
Кітапқа «Шесть точек вдохновения» атауын таңдау да кездейсоқ емес. Бұл кітап – Брайльдың алты таңбалы әліппесімен оқитын жандарға әдебиет әлеміне жаңа жол ашып, басқа әуесқой зағип және нашар көретін ақындарға шабыт сыйлайды, сенімділік береді. Ерекше адамдарға өз ойлары мен сезімдерін жеткізуге мүмкіндік береді.
Айта кету керек, кітапқа шығармалары еңген зағип және нашар көретін авторлардың (әуесқой ақындар) басым бөлігі үшін бұл үлкен аудиторияға жасалған алғашқы қадам.
Алдағы уақытта кітап Қарағанды қаласының орталық кітапханаларында барлық оқырман үшін қолжетімді болады.