Сарбаздардың бір күні

Приозерск қаласында орналасқан 06708 әскери бөлімінің тыныс тіршілігі мен сарбаздардардың қызметі жайлы фоторепортажымнан оқисыз.

Сарбаздардың қызметтік әр күні таңғы сағат 6:00-ден басталады. Олар Олар белгіленген уақытта киініп үлгеріп, таңғы жаттығуға дайын болу керек. Күн тәртібі бойынша 8:00-де таңғы ас. Содан соң сабақ кестесі басталады.

«Әскери  борышымды өтеу үшін мен «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшылығына қарасты 06708 әскери бөліміне әскер қатарына шақырылдым, қызмет өтеп жүргеніме алты ай болды, осы аралықта мен біраз нәрселерге үйренгенімді мақтан етемін және нағыз ер жүрек азамат болып шығамыз деген ойымыз бар», – дейді қатардағы жауынгер Молдаш Сұлтанбекұлы.

Сарбаздардың көбісі Түркістан, Алматы, Шымкент облыстарынан келген. Отан алдындағы борышты өтеу әр сарбаздың міндет және парызы. Әскер қатарына келген күннен бастап қолына қару алып, ел-жұртымызды қорғауға шыққан сарбаздардың өмірі сырт көзге қызықты болғанымен оның қауіптілігі де баршылық.

Мерзімді әскери борышын өтеген сарбаздардың арасында әрі қарай кесілісімшарт бойынша қалатындар да аз емес. Саптай тізілген сарбаздар бұйрықты орындауға тырысып жүр. Бәрі сап ішінде. Тамаққа, жуынуға, оқуға күнделікті нақыш бойынша сап түзеп барады. Сарбаздардың айтуларына қарағанда «әскери өмір бізді жігерлендірді және болашақ өмірге деген көзқарас өзгерді»,- дейді. Оларға Отан алдындағы борышын өтеу барысында әскери жарғылар мен пәрмендер түсіндіріледі. Алғашқы жас толықтырулар жиын уақытында әскери тәртіпке арналған сабақтар жүргізіледі. Жас сарбаздар бір айдың ішінде Отанға деген сүйіспеншілікті сезініп, атыс алаңына да шығарылады. «Психологиялық тұрғыда 30 күн ішінде  әскери өмірге бізді жігерлендірді және болашақ өмірге деген көзқарасты өзгерді»,- дейді.

Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы

лейтенант Думан Жұмашұлы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

«Жасыл челлендж» республикалық іс-шарасы Түркістан облысында жалғасын таппақ

Жек Қаз 23 , 2022
Оқылды: 667 2022 жылдың 26 қазанында Қазақстанның экологиялық қорының бастамасымен «Green challenge» ағаш отырғызу республикалық шарасы Түркістан қаласының Мырзахан Пошанов атындағы №21 мектебінде және Кентау қаласының Ы.Алтынсарин атындағы №1 қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы мектеп-гимназиясында өтеді. Жеңіс күні қарсаңында Астана қаласының №43 қосымша білім беру мектеп орталығы алаңында бастау алған эко іс-шара Маңғыстау, […]