Самарқандта «Арал мәдени саммитінің” көрмесі өтті

Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтіп жатқан «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» бірінші ресми саммиті шеңберінде мемлекет басшылары “Арал мәдени саммитінің” көрмесін бірге тамашалады.

Көрмеде Арал экожүйесін қалпына келтіруге, өңірдің мәдени мұрасын сақтауға және тұрақты дамуға ықпал етуге бағытталған бірегей бастамалар ұсынылды.
Ұйымдастырушылар  көрнекі, сенсорлық және интерактивті элементтер арқылы Арал өңірінің табиғи және мәдени байлығымен таныстыруды көздеген.

Экспонаттар арасында архитектуралық-пейзаждық фотосуретке маманданған атақты фотограф Иван Баанның туындылары, Қарақалпақстандағы ең маңызды өсімдік саналатын қамыстардың гүл инсталляциясы, сондай-ақ Арал өңірінен сексеуіл тұқымы, бақалшақ, табиғи тұз, кептірілген гармала, дәстүрлі өрнекті киіз және т.б. сияқты заттардың үлгілері қойылған. Экологиялық проблемалар кері әсер еткен Арал өңірінің түйткілдері көрмеде айқын көрініс тапқан.

Нәзия Жоямергенқызы, Самарқанд, Өзбекстан.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

ҚР Президенті халықаралық конференцияда климаттық мәселелерді бірлесе шешуді ұсынды

Сәр Сәу 16 , 2025
Оқылды: 98 ҚР Президенті «Жаһандық климат сын-қатерлері кезеңіндегі Орталық Азия» халықаралық конференциясына қатысты.   Халықаралық жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: “Орталық Азия – планетадағы климат өзгерістеріне ең осал өңірлердің бірі. Мұнда жаһандық жылыну әлемдегі орташа көрсеткіштен екі есе жылдам жүріп жатыр. Аймақ тосын табиғат құбылыстарымен, атап айтқанда, мұздықтардың еруі, шөлейттену және […]

Шұғыл!