Салауатты өмір салты – өмір нормасы

Қарағанды өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасында «Салауатты өмір салты – өмір нормасы» акциясы салауатты өмір салты насихаты бойынша жеке құраммен өткізілді.


Көрсетілген акция «Өмірді сақта» ведомствоаралық бағдарламаларын іске асыру және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінде құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі 2023 жылға арналған бірыңғай іс-шаралар жоспар бойынша өтті.
Акцияны өткізу барысында жедел ден қою бөлімінің нақты мерзімді әскери қызметшілерге аса көңіл бөлінді, оның ішінде тамақтануды ұйымдастыру, медициналық және киім – кешекпен қамтамасыз ету, санитариялық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау мәселелері қаралды.
Бағынысты жеке құраммен салауатты өмір салтын насихаттау, спирттік ішімдіктер мен есірткі заттарын тұтынудың зияны туралы хабардар ету бойынша сабақ өткізілді.
Сабақ өткізуге әділет капитаны Заңғар Қонысбайұлы Алкенов (ультрамарофоншы, 2020 жылы Қазақстанның рекордтар кітабына еңгізілген), облыстық психикалық денсаулық орталығының жастармен жұмыс жүргізу маманы Елена Шахитова қатысты.
Футболдан, (24 кг) кір тасты көтеруден, 3000 метрге шаңты жарысынан, армреслинг және белтемірге тартылу спорттық жарыстар өткізілді, жарыста нақты мерзімді әскери қызметші Ақылжан Тлеубаев 27 рет тартылу жаттығуынан рекорд орнатты.
«Қарағанды өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасында жеке құрамға қамқорлық көрсету бірінші жоспарға қойылады. Әскери қызметшілер жақсы тамақтанған, дені сау, киіндірілген, моральдық – психолологиялық дайын болған кезде басшылық жүктеген міндеттерді жедел және тиімді орындайды», – деп бөлісті әскерлер қызметін ұйымдастыруды бақылау бөлімінің бастығы подполковник Нұржан Турысбекұлы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

2023 жылға арналған Ұлт құндылықтарын сақтау мен насихаттауға бағытталған Қазақ күнтізбесі жарық көрді

Дүй Қаң 30 , 2023
Оқылды: 712 2019 жылы «Қазақ халқының мұрасы» кітаптар сериясының бастамасымен Қарағанды қаласында Ұлт құндылықтарын сақтау мен насихаттауға бағытталған Қазақ күнтізбесінің тұсауы кесілген болатын. Күнтізбені шығарудағы мақсат ұлт құндылықтарын сақтау мен оларды қоғамда тұрақты  насихаттауға жол ашу. Күнтізбедегі атаулы күндер тарихи тұлғалар мен ұлттық тарихымыз үшін  құнды даталармен етене байланысып жатыр. […]