2023 жылдың 19 наурызында Мәжіліспен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы өткізілді. 19 миллионнан асатын халқы бар елде тіркелген 12 миллион 32 мың адамның 6,5 миллионы өз таңдауын жасады. Сайлауға ресми түрде тіркелген 7 саяси партия мен 525 үміткер қатысты.
«Еуразиялық интеграция институтының» ЖШС жүргізген Еxit poll нәтижесі шықты:
«Аманат» – 53,46 пайыз;
«Ауыл» – 10,52 пайыз;
«Республика» – 8,9 пайыз;
Қазақстан халық партиясы – 6,25 пайыз;
Байтақ – 3,22 пайыз;
Ақ жол – 7,87 пайыз;
ЖСДП – 5,31 пайыз.
“Барлығына қарсы” – 4,47 пайыз.
“Социс-А» институтының Exit Pool нәтижесі:
«Аманат» – 54,42 пайыз;
«Ауыл» – 10,21 пайыз;
«Республика» – 8,79 пайыз;
Қазақстан халық партиясы – 6,89 пайыз;
Байтақ – 2,17 пайыз;
Ақ жол – 8,21 пайыз;
ЖСДП – 4,91 пайыз ;
“Барлығына қарсы” – 4,4 пайыз.
Сайлаудың нақты нәтижелері 10 күн ішінде жарияланады.
Бакытбек Алима,
Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы
“Компьютерлік технологиялар” кафедрасы
“Медиажурналистика” мамандығының 3 -курс студенті.