Өрттен абайлайық

 

http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар.

Сәуірдің 27- Осакаров ауданының Сұңқар ауылында жеке тұрғын үйдің ауласында жалпы ауданы 150 ш.м шаруашылық құрылыстарының ағаш конструкциялары және 2 тонна шөп жанған. Өрт №17 өрт сөндіру бөлімінің күштерімен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі алдын ала болжам бойынша – отты абайсыз пайдалану (темекі тұқылынан тұтанған болуы мүмкін).

Жыл басынан бері облыста 279 өрт оқиғасы тіркелді. Оның 173-тұрғын секторда. Өрт қауіпті кезеңінен бастап құрғақ шөп жанған. Облыста жалпы 25 оқиға тіркелді. Бір аптаның ішінде Қарағанды қаласында екі, Саран қаласында 1 өрт оқиғасы тіркелді. 

Төтенше жағдай қызметкерері ескертеді:

Көпқабатты үйлерде тоқтың қысқа тұйықталуынан, өзге де от тұтану қаупін алдын ала тексерген дұрыс. 

Газдан от тұтану қауіптерін алдын ала ескерген жөн.  

Шөп жинау орындарында темекі шегуге және ашық отты пайдалануға жол бермеңіздер.
Балалардың отпен ойнауына жол бермеу туралы әңгіме жүргізіңіз.
– қора мен басқа да шаруашылық құрылыстардың төбесінде;
– электр беру желілерінің астында;
– учаскенің сыртқы қоршауынан 3 метрден кем қашықтықта;
– көшелерде, жолдарда, үй жанындағы учаскелерден тыс жерлерде шөп жинауға жол берілмейді.
Тұрғын үйлердің үй-жайлық учаскелерінде ірі жем-шөп жинау ғимараттарға және аула құрылыстарына дейін кемінде 15 метр қашықтықта орналасқан дұрыс. Көрсетілген қашықтықта ірі азықтарды жинау мүмкін болмаған жағдайда, жинау орнын кемінде 500 литр су құйылған ыдысы бар, қосымша сыйымдылықпен қамтамасыз ету шартымен қашықтық 5 метрге дейін қысқартылады.
Ірі азықтарды жинау биіктігі жер деңгейінен 4 метрден аспауы тиіс.
Шөп қорада электр жабдықтары болған жағдайда электр сымдары оқшауламасының бүтіндігін қамтамасыз ету қажет.
Өрт шыққан жағдайда дереу «101» немесе «112» нөмірі бойынша өртке қарсы қызметті шақыру қажет.
Мүмкіндігінше қолда бар құралдармен сөндіруге кірісіп, адамдар мен жануарларды оттың таралуы мүмкін аймақтан эвакуациялау қажет.

Қарағанды облысының Төтенше жағдай басқармасының баспасөз қызметі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Қазақ шекарашыларының жанашырлығы

Сей Сәу 28 , 2020
Оқылды: 1  910 Өзбек әйелдің әңгімесі немесе қазақ сарбазына мың алғыс http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар. Осыдан тура 25 жыл бұрын болған оқиға. Белгілі себептермен кейіпкердің аты-жөнін айтқым келмейді. Қазір ол кісі Қарағандыда өмір сүріп жатыр. Жиырмасыншы жылдардың 90 жылдары ҚСРО ыдырап ТМД құрылып, тәуелсіз мемлекеттер аяқтарына жаңа тұрып […]