ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың төтенше жағдай режімі жайында қысқаша мәлімдемесі

Еліміздегі індеттің таралуына орай санитарлық-эпидемиялық талаптар сақтала ма? 

http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар.

Мамырдың 11-күні  ҚР Президенті еліміздегі төтенше жағдай режимі аяқталғанын ресми мәлімдеді. Дегенмен, кейбір аймақтарда коронавирус инфекциясының  таралуы бәсеңдемегендіктен, карантиндік шектеулер өңірдегі жағдайға қарай біртіндеп алынатынын ескертті.

Мамырдың 11- бастап елімізде дүкендердің біразы ашылып, сән салондарының, білім орталықтарының, саябақтардың тағы басқа да нысандардың қызметі қайта жанданады. Бұған дейін 6 қаланың әуежайы ашылған, енді оған тағы 7 қала қосылмақ. Алайда, әлі де  көшеде топтасып жүретіндер  саны 3 адамнан аспау, бетпердесіз жүрмеу, қашықтан оқу мен жұмыс істеу секілді қауіпсіздік шаралары сақталады.

Президент жуық арада  шешілу тиіс маңызды мәселелерді атап өтті:

1. Еліміздегі қуатты шикізат базасы негізінде өнеркәсіп саласындағы өңдеудің тың тәсілдерін дамыту қажет. Отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған мемлекеттік сатып алудың ерекше тәртібі биылғы тамыз айына дейін жалғасады. Бұған қосымша оффтейк-келісім шарттарын енгізіп, «КазАгро» несиесі бойынша қарызды қайта құрылымдаймыз.

Үкіметке «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, «Егіс даласынан – дүкен сөресіне дейін» атты пилоттық жобаны бірнеше өңірде бастауды тапсырамын.  Осы бағдарламаны жүзеге асыру кезінде «КазАгро» арқылы жылдық мөлшерлемесі 6 пайыз болатын жеңілдетілген шағын несие беріледі.

2. Мемлекет «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыруға 1 триллион теңгеге жуық қаржы бөліп отыр. Осы күрделі кезеңде қаржыландырылып жатқан жобалар арқылы ең алдымен жаңа жұмыс орындарын ашу қажет.

3. Кезекте тұрған азаматтардың мәселесін шешу үшін тұрғын үй несиесімен қамтамасыз етуге арналған «5-10-20» жаңа жобасын іске асыруды тапсырамын.Осыған орай дағдарысқа қарсы бөлінген қаражат есебінен 390 миллиард теңге бөлеміз. Үкімет жыл соңына дейін «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы негізінде толыққанды даму және қолдау институты саналатын «Отбасы банкін» құруы тиіс. Азаматтарымыздың зейнетақы жинағының бір бөлігін баспана алуға пайдалануы осы саладағы жүйелі өзгерістің жалғасы болмақ.

4. Әлеуметтік әділдік үшін үдемелі өлшемге сәйкес жалақысы төмен азаматтар салықты қазіргіден аз төлейді. Ал келесі жылдан бастап микроқаржы қызметін лицензиялау жүйесі енгізіледі.

5. Сұраныс көлемі азайып, активтер мен кепілдегі мүліктің нарықтық құны төмендеген жағдайда «Даму» қорының несиені кепілдендіру мүмкіндігін пайдалану аса маңызды. Микро және шағын кәсіпкерлік саласына да ерекше көңіл бөлу қажет. Осыған байланысты «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында шағын бизнес үшін арнайы шаралар қарастыруды тапсырамын. Үкімет пен «Атамекен» бұған бөлінетін қаражат көлемін айқындауы тиіс.

6. Біз инвестиция тартып, қор нарығын дамыту үшін «Астана» халықаралық қаржы орталығының әлеуетін тиімді пайдалануымыз керек. Ұлттық компанияларымызға тиесілі жекелеген құрылымдарды шетелдік заңнаманың аясынан «Астана» халықаралық қаржы орталығының құзырына біртіндеп көшіруді бастаған жөн.

7. Қазанның 1- дейін заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге қатысты банкроттық рәсімдерді бастауды тоқтата тұруды тапсырамын. Оған қоса Президент банктерге тұралап қалған активтерді сату үшін нақты жоспар әзірлеп, соған жауапты қызметкерлердің жұмысын бақылауды және бағалауды күшейтуі керек екендігін де ескертемін!

Сонымен қатар 1 мамыр күні Өзбекстан Республикасындағы Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан Түркістан облысында су тасқыны болды. ҚР Президенті өз сөзінде күзге дейін тұрғындарға жаңа үйлердің салынатындығын және зардап шеккен әрбір адамға 100 мың теңге көлемінде өтемақыға қоса мал шығыны, тасқынның ауыл шаруашылығы алқаптарына тигізген зияны өтелетіндігін айтты.

Қазіргі таңда еліміздегі төтенше жағдай режимі аяқталғанымен  індеттің екінші кезеңі басталып кетуі мүмкін екендігі де ескертілді. Естеріңізге сала кетейік, жақында ғана карантин режимін тоқтатқан Қытайдағы Хубэй провинциясында бір тәулік ішінде тағы 17, Уханьда 5 коронавирус оқиғасы тіркелгені туралы хабарланған. Қазіргі уақытта бүкіл әлемде вирусты жұқтырғандар саны 4,1 миллион адамға жеткен. Індеттің таралу жағынан АҚШ, Испания және Италия елдері көшбасшы болып отыр.

Деректер https://www.akorda.kz/kz– Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтынан алынды.

Материалды  http://aimaq09.kz/ сайты  үшін арнайы дайындаған Нұрәсем Ахан, Қарағанды облысы, Жәйрем кенті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Оразаның денсаулыққа 10 пайдасы

Сей Мам 12 , 2020
Оқылды: 1  360 Биыл да Жаратушының нәсіп етуімен, аман-есендікте Қасиетті Рамазан айымен қауышып отырмыз. http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар. «Рамазан- ерекше ай. Бұл айда жасалған ғибадат, құлшылықтарға Алла тағала еселеп сауаптар жазады. Хазреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың хадис-шәріпінде: «Рамазан айында бір жақсы іс жасаған адамға Алла тағала басқа айларда парыз […]