«Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлеріне қарасты 06708 әскери бөлімінің артиллерист-сарбаздар арасында 152 мм. тіркемелі ге артиллериялық Гиацинт – Б зеңбірегінен ату жаттығуы өткізілді.
Кешегі өткен Ұлы Отан соғысының майдан даласында гитлерлік неміс басқыншыларына қарсы талай ұрыстарды басқарған даңқты қолбасшы, батыр атамыз Бауыржан Момышұлы: «….Олай болса, ұрысты басқара білу дегеніміз – демек, атысты басқару, траекториялармен, ептілікпен маневр жасау, дұшпанның төбесінен бас көтертпей атып, оны жерге, окоптары мен орларының түбіне тығып жіберу, бетін қаратпау және атыс ұялары амбразураларын қирату, сөйтіп жаудың күшін аяусыз жою, өз күшіңді сақтау деген сөз» – деп, жазып кеткен екен.
Атыс жаттығуы әкери бөлімнің 2023 оқу жылының жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес ұйымдастырылған болатын.
Жауынгерлік даярлықтың атыс жаттығуы «Сарышаған» полигонында өтті. Атыс алаңындағы тартысты бәсекеде биылғы әскер қатарына шақырылған бірінші дивизионы үшінші есеп топтағы қатардағы жауынгер А. Асланов алдыңғы қатарлардан ерекше көзге түсті. Бұл көрсеткішімен аталған дивизион өздерінің бағынысты Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып жүрген сарбаздарға үлгі бола алады.