Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі дауылды ескерту жариялады. Карағанды облысында 23-24 қаңтарда жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ (көбінесе облыстың солтүстігінде және батысында), тұман (көбінесе облыстың шығысында ) болуы мүмкін. 23 қаңтарда оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші түнде 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с-дейін жетеді. 23 қаңтарда күндіз тәулік бойы және 24 қаңтарда 15-20 м/с, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с-дейін жетеді. Күшті жел (көбінесе солтүстігінде және батысында облысы) күтіледі.
Ұқсас мақалалар
-
23/04/2020
ҰБТ 2020 қалай өткізіледі
-
22/12/2021
Қаржылық журналистика байқауы