ҚР Қорғаныс Министрлігі Екі мәрте Кеңес Одағының батыры Т.Бигелдинов атындағы Қарағанды республикалық «Жас ұлан» мектебінде биыл, тұңғыш рет «Екі жұлдыз» байқауы бастау алды. Мектеп ұстаздарымен жұптаса ән шырқап, оқушы жүрегінен орын алған мамандар мен тәрбиеші офицерлердің өнері ел көңілінен шықты.
«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе –білім». ҚР Қорғаныс Министрлігі Екі мәрте Кеңес Одағының батыры Т.Бигелдинов атындағы республикалық «Жас ұлан» мектебінде биыл алғаш рет «Екі жұлдыз» байқауы ұйымдастырылды. Әнші болу – бұл әркімнің қолынан келе бермейтін мамандық. Дарынды балаларды анықтап, оларға шығармашылық қолдау көрсетіп, әншілік қабілеті, өнерге деген құштарлығын оятқан бүгінгі кеште, өзара бақ сынаған өз ісінің жауапты мамандары, бірінші тапсырма аясында шығармашылық әлеуеттерін көрсеткен. Конкурсбарысында, мұғалім мен оқушы, тәрбиеші офицерлермен тығыз байланыс орнатылып, аталмыш іс шара «Тіл-кемел болашақ тұғыры» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәндері апталығының аясында ұйымдастырылып отыр. Ұстаздарымен жұптасып ән айтып, оза шапқан жарық жұлдыздар көрерменнің қошеметіне бөленді. Біздің басты байлығымыз – адам, және адамдағы бар жақсылық – мұғалімнен» біздерге қазіргі таңда үлкен жауапкершілік артылып отыр деген шараға қатысушыТолқынай Қабжановна, өз ойымен бөлісті.
–Бұл байқаудың маңызы зор, өйткені, ол үздіктердің ішіндегі үздік педагогтің еңбегін тануға мүмкіндік береді. Өзім математика пәнінің мұғалімімін. Байқау жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан мамандарға көрсетілген құрмет болады деп сенемін. «Екі жұлдыз» байқауы аясында мұғалімнің тәрбиеленушілермен байланысы, білім саласын дамытуға қосқан үлесі, ұстаз қызметінің тиімділігі мен оның кәсіби шеберлігі ескеріледі, – деп атап өтті шараға қатысушы Толқынай Нығметжанова.
ҚР Қорғаныс Министрлігі Екі мәрте Кеңес Одағының батыры Т.Бигелдинов атындағы Қарағанды республикалық «Жас ұлан» мектебінде ұйымдастырылған «Екі жұлдыз» конкурсы педагогтердің қоғамдағы мәртебесін және беделін арттыру, үздік мұғалімдердің озық педагогикалық іс-тәжірибесін тарату мақсатында қолға алынған. Байқау қорытындысы бойынша, «Шабыт шаттығы» номинациясы бойынша – ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Кервенова Марал Максеновна мен тәрбиеленуші Жұмабек Жарас үздік деп танылған. «Үздік патриоттық ән» номинациясы бойынша дараланған – 3-ші сынып сержанты Хамзин Тұрсын-Бейбіт пен тәрбиеленушісі Исхаков Ахмет. «Үздік сахналық образ» номинациясы бойынша ерекшеленгендер қатарында математика пәнінің мұғалімі Нығметжанова Толқынай Қабжановна мен тәрбиеленуші Кадет Асылжан бар. Ән байқауында «Үздік дуэт» номинация иегерлері – алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Бөкебаев Азамат Маратович пен тәрбиеленуші Нұрланбек Нұрасыл ерекшеленген. Ал 1 рота 5 взвод тәрбиеленушілері Дуанбай Аңсар мен Салжанов Расул «Үздік стиль» номинациясына ие болған. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Тарас Сабыржанұлы мен тәрбиеленуші Жолдысбаев Алихан «Өнерлі жұп» номинациясына лайықты деп танылған.