Назар сал, жаяу жүргінші

2023-жылғы қыркүйек айында Қарағанды өңірлік гарнизоны Әскери полиция Басқармасы әскери автомобиль полиция бөлімінің бастамасымен гарнизон шеңберінде «Мектепке жол» акциясы және «Назар сал жаяу жүргінші» айлығы ұйымдастырылды.

Ұйымдастырылған іс-шаралар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери көлік құралдары қозғалысының қауіпсіздігіне және әскери қызметшілердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының саны мен олардың салдарының ауырлығын азайту мақсатында өткізілді. Шара барысында гарнизонның барлық әскери бөлімдері мен мекемелерінде жол- көлік оқиғаларын алдын алу мақсатында, белгіленген қозғалыс жылдамдығын асыру, қарсы қозғалыс жолына шығу мен озу ережесін бұзу, алкогольді мас күйде көлік құралын басқару, жаяу адамдармен белгіленбеген жерде жолды кесіп өту, яғни жол-көлік оқиғаларына себеп болып табылатын бұзушылықтар бойынша сабақтар өткізілді.Сонымен қатар, 2023 жылдың өткен 8 айында ҚР Қарулы Күштері әскери қызметшілерімен болған жол көлік оқиғасының талдауы жеткізілді. Жол жүру қағидалары талаптарын көп бұзатын әскери қызметшілермен алдын-алу жеке сұхбаттары өткізілді. Қарағанды гарнизоны әскери бөлімдерінің маңайында орналасқан жаяу жүргіншілер өту жолақтары жаңартылды.

Айлық барысында гарнизондағы әскери полиция әкімшілік тәжірибе бөлімшесімен арнайы даярлаған ақпараттық кітапшалар жаяу жүргіншілерге таратылды. Шараның басты мақсаты – жол ережесін сақтамау салдары арқылы өз өміріне қандай қауіп төндіретінін түсіндіру, – деп тоқталып өтті Қарағанды өңірлік гарнизоны, әскери полиция басқармасы, әскери автомобильдік полиция бөлімінің бастығы майор Дүйсенғали Шайкенов.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Әскерилер 80 шақырымдық шеру жасады

Бей Қыр 7 , 2023
Оқылды: 508 Қарағанды ​​облысындағы Спасск оқу жаттығу орталығының полигонында бригадалық-тактикалық оқу-жаттығу жұмыстары өтіп жатыр. «Астана» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдеріндегі жауынгерлік даярлық жұмыстарының нәтижесі келесі көріністерден тұратын бригадалық-тактикалық оқу-жаттығуларға ұласты: жеке құрамды дабыл бойынша көтеру, шерумен шоғырлану аймағында жиналу. Өз орындарына орналасуды ұйымдастыру және қорғаныс бойынша командирдің шешімін қабылдау, белгіленген аймаққа […]