http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар.
Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты мүфтиаттың жанынан ғалымдардың кеңесімен пәтуә шығарылды. Атап айтқанда, мешіттерде жамағат намазы шектеліп, намазды имамдар жеке оқиды. Сондай-ақ адам қайтысболғанда, жаназа намазына да ең жақындары 10-12 адам ғана жиналу керек. Ал, қонақасы, басқа шаралар төтенше жағдай аяқталған соң орындалу тиіс. Сонымен қатар вирус жұқтырған науқас дүниеден өтсе, жерлеу кезінде мұсылмандық шарттармен қоса санитарлық талаптар да атқарылады.