Ақтөбе қаласындағы Ш. Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжінде ФАО «Қазақстандағы жайылымдарды қалпына келтіру және климат тұрақтылығын қамтамасыз етуге арналған агроорман мелиорациясы» жобасы (3-Компонент) аясында Қазақстанның экологиялық ұйымдар қауымдастығы мен Ш. Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжі арасында білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жаңадан құрылатын екі фермерлік далалық мектеп аясында фермерлерге арналған тренингтер өткізу бойынша меморандумға қол қою рәсімі өтті.
Ұйымдастырушылар: Ш. Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжі және Қазақстанның экологиялық ұйымдар қауымдастығы
Жоба жер ресурстарын тұрақты басқару үшін жаңа әдістер мен технологияларды енгізу арқылы жердің тозуын бейтараптандыруға бағытталған фермерлік шаруашылықтардың әлеуетін арттыруға арналған. Сондай-ақ, жайылымдардың тұрақтылығы мен өнімділігін арттыруға ықпал етеді.
Фермерлер маусымдық ресурстарды оңтайландыруға арналған күнтізбелерді құру, жайылымдық циклдар барысында мал азығын теңгерімді ету, егіндікті оңтайлы деңгейде сақтау (энергия ағындары мен парниктік газдарды сіңіруді арттыру), сондай-ақ экожүйелік қызметтерді қалпына келтіру үшін мал жаю әдістерін қолдану бойынша оқытылады.
Осы мақсатта Қазақстанда тұңғыш рет пилоттық аймақ ретінде Ақтөбе облысының Әйтеке би және Мұғалжар аудандарында екі Фермерлік далалық мектеп құру бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Қазіргі таңда мұндай фермерлік мектептер әлемнің 90-нан астам елінде жұмыс істейді және 4 миллионнан астам фермердің біліктілігін арттырды. Жергілікті жерлерде тәжірибелік сабақтар өткізу, тікелей бақылау жүргізу, пікірталас ұйымдастыру және шешім қабылдау арқылы фермерлер практикалық дағдыларды игеруге мүмкіндік алады.
Оқу бағдарламаларын әзірлеу үшін тақырыптық бағыттар бойынша жоғары білікті мамандардан тұратын нұсқаушы-тренерлер дайындалады. Ш. Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжінде осы аймақта теориялық және практикалық мол тәжірибесі бар оқытушылар қызмет істейді.
Сабина Сабитова
Қазақстанның экологиялық ұйымдар қауымдастығының ұйымдастыру мәселелері жөніндегі маманы