Ұлттық мереке қарсаңында, ерлік сабағы өткізілді

Қарағанды гарнизонына қарасты, 44803 әскери бөлімінде жеке құрамның қатысуымен  патриоттық және ерлік,  бейбітшілік  пен келісімді ұлықтау сабақтары өткізілді. Сабақты өткізу аталмыш бөлімдегі әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі қызметкер Айгүл Сағындыққызының ұйымдастыруымен қолға алынған.  

Сондай-ақ, аталмыш салтанатты шарада егемен еліміздің алдағы уақытта да қарыштап дамып, экономикамыздың өркендеп, мемлекеттік тіліміздің  өрістейтініне, жастарымыздың білім жолында жетістіктеріне сенім білдірілді. Еліміздің Республика болып сақталуы, шекарасының шегенделіп,тыныштықта болуы біздің әскери азаматтарымызға тікелей байланысты екендіктері түсіндірілді. Республика күніне арналған ерлік сабағында сөз сөйлеген әскери қызметкерлер жас сарбаздарға елдің беріктігін сақтап қалу үлкен іс екенін, егемендігіміздің жолында аянбай еңбек ету керектігін түсіндіріп, мерекелерімен құттықтады.Ерлік сабағының басты мақсаты  – «Республика күні» қарсаңында – еліміздің азаматтарын ерлікке, отансүйгіштікке, елін құрметтей білуге, патриоттық рухқа тәрбиелеу.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі “Шеврон” компаниясымен Өзара түсіністік туралы меморандумның мерзімін ұзарту туралы келісімге қол қойды

Бей Қаз 26 , 2023
Оқылды: 470 Қазақстандағы АҚШ Елшісі Дэниел Розенблюм мен “Шеврон” Еуразия бөлімшесінің Басқарушы директоры Дерек Магнесc Қазақстандағы АҚШ Дипломатиялық миссиясы мен “Шеврон” арасында “Makerspace Expands!” бағдарламасы бойынша Өзара түсіністік туралы меморандумның мерзімін ұзарту туралы келісімге қол қойды. Жыл сайын бұл бағдарлама мыңдаған қазақстандық жастарға Makerspace желісі арқылы ғылым, технология, инженерия, өнер […]