Ұлттық бірыңғай тестілеу 

Ұлттық бірыңғай  тестілеу (ҰБТ) – ЖОО-на түсуге ниетті әрбір талапкер тапсыратын міндетті тестілеу түрі. 2003 жылдан бастап күшіне енген аталмыш емтихан күні бүгінге дейін білім және ғылым саласында сипат алып келеді.
Қазіргі таңда, ҰБТ тапсырушылардың ішінде-мектеп бітіруші түлектердің тестке қатысу көрсеткіші басым екені белгілі. Айта кетейік, тестілеуді сонымен қатар, колледж студенттері немесе алғашқы емтиханнан төмен балл жинаған шәкірттер де бағын сынап қайта тапсыра алады. Ұлттық тестілеудің маңызы қандай? ҰБТ – оқушылар мен басқа да талапкерлердің өз бетімен тың дайындалуына жол ашады. 11 жыл оқыған бар ілімің сын-сағатта сыналатын бұл емтиханнан кей түлектер қорқыныш пен стресс салдарынан құлап жатса, ал біреулері «қанағаттанарлық» ұпай жинап, қуанып жатады.
2022 жылы тестілеуге бірнеше өзгеріс енгізілді. Қазіргі уақытта ҰБТ тапсырудың ережелері өзгергендігін алға тартамыз. Талаптар күшейтіліп, тестілеу кезінде әр тапсырушыны жеке бақылайтын камералар орнатылған. Бұл – білімнің шынайылығына қол жеткізудің тиімді жолы. Жоғарғы оқу орнына түсуші әр түлек, ҰБТ-дан алған көрсеткішін мемлекет ұсынған «Грант конкурсына» ұсынады.

Жания Алтаева

Алматы қаласы, Жетісу ауданы, 110 мектеп-гимназияның

11-сынып оқушысы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

"Алтын белгі" үміткерлеріне жаңа талап қойылды!

Сей Мам 10 , 2022
Оқылды: 1  005 Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау ережелеріне өзгерістер енгізу туралы бұйрыққа қол қойды.  Келесі жылдан бастап 9-сыныпты аяқтап, арнайы аттестат және 10-11 сыныптардың барлық оқу тоқсаны бойынша «үздік» деген баға алған оқушылар «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер бола алады Сондай-ақ, талапкерлер «Алтын белгіні» ақтау үшін алгебра […]