Әлемдегі ең жақсы серфинг Измирде

Измир түбегінің батыс жағалауында орналасқан Чешме серфингшілер үшін өте маңызды. Чешмеге қосылған Алачаты «әлемдегі ең жақсы серфинг орындарының» бірі ретінде танымал. Ол екпінді желі, қолайлы ауа-райы, шағыл құмы, таяз және қауіпсіз суы бар әлемнің виндсерфинг орталығына айналған.

Жақында PWA Windsurfing World Cup Алачатыда бірнеше рет өтті. Онда әлемнің ең үздік серфингшілері додаға қатысады. Алачаты жағалауында үлкен виндсерфинг клубтары мен оқу орталықтары бар, сондықтан серфингшілер серфинг жабдықтарын жалға алғанда аса қинплмайды. Тағы бір демалыс орны Урла – кайтсерфингпен айналысатын танымал орын. Қатты желдің арқасында Урла тамаша кайтсерфингке қойылатын барлық талаптарға сай. Сондай-ақ көптеген серфинг оқу орталықтары мен жеке сабақтар бар.
Кайтсерфинг жағажайы Гүлбахче орталығынан шамамен 6 км қашықтықта, жаңадан бастағандар үшін қолайлы суы таяз кең байтақ батпақты аймақта орналасқан. Желді күнде суды тамашалап, жағажайда күннің батуын тамашалай отырып, Урла мейрамханалары мен таверналарында жергілікті тағамдардың дәмді дәмін татып көруге болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Түріктер фундук жаңғағынан түрлі өнім жасайды

Сәр Жел 6 , 2023
Оқылды: 462 Түріктер бұл жаңғақты қатты құрметтейді. Одан көптеген тәттілер ойлап табылған мысалы: какао мен бал қоылған тәтті Фундук пастасы, барлық түрік десерттері ,осы жаңғақ қосылған кондитерлік өнімдер, халва, шоколадпен қапталған фундук,қантпен қуырылған Фундук,тұзды және тағы басқаларды айтуға болады. Түркияның Қара теңіз аймағының кейбір қалаларында Фундук пістесінің немесе жаңғағын баклава […]