“Халық банкі” АҚ-ның «Халық» қайырымдылық қоры Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға 50 тоннадан астам көлемде гуманитарлық көмек жолдады.
http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар
Қазақстанның Оңтүстік аймағында болған апаттан тұрғындар мен олардың үй-жайы, мал-мүлкі зиян шеккені белгілі.
«Халық» қайырымдылық қоры қашанда қиын жағдайға тап болған адамдарға дер кезінде көмек көрсетіп отырады. Оңтүстіктегі ағайынның қиын жағдайға тап болуына байланысты тез арада шешім қабылданып, Қордың атынан Мақтаарал ауданында апаттан зардап шеккен тұрғындарға азық-түлік жолданды.
Азық-түлік жиынтығында күнделікті тұтынатын қажетті тағамдар: күріш, ұн, макарон, май, шай, қант және тәттілер бар. Бүгінде гуманитарлық көмек ауданға жөнелтілді және олар тұрғындарға жергілікті әкімдіктер берген тізімге сәйкес, Halyk Bank қызметкерлері мен еріктілермен таратылады.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, бірігіп әрекет жасау арқылы ғана қандай да болмасын қиындықты жеңіп шығуға болады.