Бүгінгі қоғамда нашақорлыққа жол жоқ. Дәл осындай мақсатты көздеген Қарағанды гарнизонына қарасты механикаландырылған бригаданың әскери қызметшілері сержант сағатын ұйымдастырды.
«Нашақорлық – ғасыр індеті» тақырыбында өткен отырысқажиналғандарға нашақорлықтың зияны мен одан сақтанудың жолдары туралы айтылды.
Бүгінгі сержанттық сағаттың жастарға берер тәлім-тәрбиесі мол. Отырыс барысында одан сақтанудың жолдарын қарастыруға бағыттайтын бейнефильм көрсетілді.Кездесу барысында қатысушыларға нашақорлықтың жаман әдет екенін нақтылайтын ақпараттық парақшалар таратылды.
– Жалпы бұл отырыс көздеген мақсатына қол жеткізді. Сержанттық сағатта айтылған мәліметтер қатысушыларға тәлім береді деген ниеттемін. Мұндай шаралардың өткізілуі жағымды әсер етері анық, – дейді механикаландырылған бригада командирінің орынбасары подполковник Әзілхан Рысбаев.