Манипуляция: «Швеция патшасы мен патшайымы үш екпеден кейін коронавирус жұқтырған»
Қазақстанда ақпараттық сайттардың бірінде Швецияда король мен королева үш екпеден кейін коронавирус жұқтырғаны туралы жаңалық шықты. https://tengrinews.kz/other/korol-koroleva-shvetsii-zarazilis-koronavirusom-treh-458201/ Олардың COVID-19-ға тапсырған ПТР нәтижесі оң болып шыққан. Бұл ретте патша сарайының өкілдері король мен королеваның толық вакцина алып, ревакцинациядан өткенін хабарлады.
Айта кетейік, вакцина аурудан қорғамайды, тек оны жұқтыру қаупін азайтады және аурудың барысын жеңілдетеді. Профилактикалық медицина академиясының президенті, Америка денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі Алмаз Шарманның айтуынша, вакцина аурудан 100 пайыз қорғамайды, 10 пайыз көлемінде ауру жұқтыру қаупі сақталады.
«Вакцина автомобильдегі қауіпсіздік белдігіне ұқсас. Белдік апат кезінде жарақат алудан 100 пайыз қорғамаса да, ауыр жарақат алудан, жарымжан болып қалудан, кейде өлімнен сақтайды. Сол сияқты, вакцина инфекциядан 100 пайыз қорғамаса да, ковидтің қатты асқынуынан сақтайды және өмірді сақтап қалуы мүмкін», – дейді маман (https://anatili.kazgazeta.kz/news/59370).
Демек, Швеция патшасы мен патшайымының үш екпеден кейін коронавирус жұқтырды деген ақпарат – манипуляция.
Бақытгүл ШЕРКЕНОВА
Нұр-Сұлтан қаласы