Елді қорғау – абыройлы міндет

Абыройлы міндетті адал атқару сайдың тасындай сапқа тұрған әрбір сарбаздың парызы. Ең бастысы форма киген сарбаздарды мазалайтын мәселелер болмауы тиіс.

Отанына адал, елін, жерін сүйген нағыз азаматтар әскерге келісімен несиесі барын айтып қиналады. Сол себептіде әскерге келген мерзімді әскери қызметкерлер үшін,  ай сайынғы төлемдерді 13 айға кейінге қалдыруға мүмкіндік беріледі. Әскерде жүрген сарбаздардың несиесі уақытша тоқтатылады. Мерзімді қызметтегі сарбаздарға қаржылық міндеттемелері бойынша ай сайынғы төлемдерін 13 айға кейінге қалдыруы үлкен мүмкіндік. Кредиторлар берешекті өндіріп алу бойынша сотқа және нотариусқа өтініш беруді тоқтатады. Осы орайда еліміздің барлық өңірінің әскерге жинау пункттерінде әскерге шақырылушыларда кредиттер мен қарыздардың болуы туралы ақпарат жинау жұмыстары жүргізілуде. Несиелері бар жастар жергілікті әскери басқару органы басшысының атына қарыз алушының атауын, төленуге тиісті соманы және қарызды төлеуге байланысты басқа да деректерді көрсете отырып өтініш бере алады. Қарыздың бар екендігі туралы хабарлап үлгермеген сарбаздар бөлім басшылығына жазбаша өтініш бере алады.

Қазақстан Қарулы Күштерінің айбыны күн санап артып келеді. Еліміздің жауынгерлері алдыңғы қатарлы мемлекеттердің әскерлерімен бірлескен оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізіп, тәжірибесін шыңдауда. Қазақстан әскерінің қатарында азаматтық борышын атқару әрбір жастың басты міндетіне айналды. Әскер қатарында болу жастарды отансүйгіштікке баулып, елі мен жеріне сүйіспеншілігін арттырып, өмірге бейімдейді. Дегенмен біздің әскери бөлімге 10 сарбаз несиесі бар болып келді. Қорғаныс Министрлігі әскер қатарына шақырылған жастарға бар жағдайды жасауда, соның бірі несиені уақытша тоқтату жұмыстары. Бүгін біз банктерді аралап, 10-сарбазымыз несиесін уақытша тоқтату жөнінде өтініш қалдырды. Несиесі бар мерзімді қызметкерлердің несиесі тоқтатылды. Енді олар отан алдындағы борыштарын толығымен өтеп болған соң, үйлеріне барып, жұмысқа тұрып, несиелерін төлеуге кірісетін болады, – деп атап өтті өз сөзінде 85510 әскери бөлім командирінің тәрбие және идеология жөніндегі орынбасары майор Асқар Серікбаев.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Түркиядағы түристік орындар

Сей Мау 13 , 2023
Оқылды: 708 Әлемді аралап, ел мен жер көру — бүгінгі көзі ашық кез келген азаматтың мақсаты. Әсіресе тарихы мен мәдениеті бір-бірімен астасып жатқан түркі мемлекеттері өкілдерінің басын қосатын жиындар, көрмелер мен конференциялар, түрлі жобалар ұйымдастырылатыны қуантады.  Бауырлас елдер арасындағы қарым-қатынастың артуына да, мәдениетіміздің дамуына да әсері мол. Сондай жобалардың бірі […]