ЕЛ ТҰТҚА

http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар.
«Біз үшін жеріміздің тұтастығын бұзу, талау – жанды жерімізге   тиетін мәселе»…
«Қазақстан міндетті түрде капиталистік даму жолына түспей ешқашанда қоғамдық дамудың жоғары сатысына көтеріле алмайды. Ал қазіргі жүйе жасанды болғандықтан, ол өтпелі де»…
«Ерте ме, кеш пе Қазақстанның капиталистік даму жолына оралуы заңдылық. Сондықтан, осы жолда, экономикалық күйзелісті барынша жұмсарту үшін, біз қолымыздан келетін барлық мүмкіндіктерді пайдалануымыз керек».
– Бір ғасыр бұрын айтылған, алайда әлі күнге өзектілігін жоймаған осы сөздерді кім айтқанын сіз білесіз бе?
– Онда айтайын. Бұл заманының заңғар тұлғасы, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Нығмет Нұрмақовтың сөздері.
Есіл ер ел үшін туып, ел үшін басын бәйгіге тікті, өмірінің соңына дейін халқына қалтқысыз қызмет етті. Қылышынан қан тамып тұрған қызыл империяның, тоталитарлық жүйенің құрбаны болды…
Бүгін оның туған күні. Туғанына 125 жыл толып отыр. 
Ал, осындай ұлтымыздың ұлық тұлғасын біз қаншалықты тани алып жүрміз, есіл ердің еселі еңбегі мен ерен ерлігі ұрпақ жадында жаттаулы ма, әлде тарихтың қатпарлы қойнауында қағаберіс қалтарыста қалып қойды ма?
Қайраткер тұлғаның мерейтойына орай облыстық деңгейде арнайы жоспар әзірленіп, жұмыстар жүріп жатыр. Төтенше жағдайға қарамастан онлайн форматта салиқалы сұхбаттар, ғылыми конференциялар, әлеуметтік желілерде түрлі челлендждер өтуде.
Осы орайда «Тұлғатану» ғылыми-зерттеу институтының Нұрмақов мектебінің үлгілі жұмысын айрықша атап айтқым келеді.
Алдағы уақытта деректі фильм түсіріледі, кітап шығады, Е.А.Букетов ат. Қарағанды мемлекеттік университетінде (Тарих факультеті ҚарМУ Исторический факультет КарГУ им.Е.А.Букетова) ғылыми-практикалық конференция жоспарланып отыр.
Туған жері-Қарқаралы ауданында (Qarqaraly Audany) күзге салым мерейтойлық шаралар өтетін болады. Кезегі келгенде ретімен баяндармыз. Ал, қазір Нығмет Нұрмақовтың ғибратты ғұмырының кейбір кезеңдерін назарларыңызға ұсынамын:
Нығмет Нұрмақов өз заманының құқық саласындағы жаңашыл, ізденімпаз реформаторы, Қазақ АКСР-ның заң шығару ісінің ірге тасын қалап, негізін салушы.
1923 жыл 19 ақпанда РСФСР Жоғарғы Сотының қазақ бөлімінің төрағасы болып сайланды.
1923 жылдың 29 тамызында қазақ тілінде іс жүргізуге көшірудің мемлекеттік комиссиясына мүше болды.
1924 жылы Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республика Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы болып тағайындалды.
1929 жылы Қазақстан үкіметінің басшысы Нығмет Нұрмақов белгілі қазақ фольклоршысы, композиторы Александр Затаевичпен Сарыарқа төсіндегі Қарқаралы Қу өңіріндегі әнші-күйшілерді аралауға шығады.
Нығмет Нұрмақов сот ісіндегі қайшылықтарды жоюға, әділетсіз түрде жазаланған азаматтардың ақталуына ықпал жасады.
Нығмет Нұрмақов Кеңестік үкімет тарапынан «ұлтшыл буржуазия өкіліне  жатқызылып, қудалана бастаған қазақ зиялыларының бірі – Жүсіпбек Аймауытовтың үстіне қылмыстық іс қозғалған кезде, сот процесінде оның ақтығын қорғағандардың бірі болды.
Нығмет Нұрмақов Әміре Қашаубаевтың Парижге баруына қолдау көрсетіп, жағдай жасады. Әміренің әсем де зор дауысы бұрын-сонды тыңдамаған Париж халқына қатты әсер етті. Париж апталығы атты газеті өзінің 1925 жылы 31 шілдедегі нөмірінде өнер иесі жайлы үзбей жазып отырды.
Орталық Азия мен Сібірді жалғаған Түркістан – Сібір магистралі 1926-1931 жылдары салынған КСРО-ның ірі құрылыстарың бірі болды. Осы құрылысқа байланысты екі беделді комиссия құрылды. Бұл комиссиялардың төрағалығына РСФСР Халық Комиссарлар Кеңесі төрағасының орынбасары Тұрар Рысқұлов пен республика Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы Нығмет Нұрмақов тағайындалды.
Ерлан Құсайын. Қарағанды облысының Ішкі саясат басқармасының басшысы 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Өрттен абайлайық

Сей Сәу 28 , 2020
Оқылды: 2  591   http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар. Сәуірдің 27- Осакаров ауданының Сұңқар ауылында жеке тұрғын үйдің ауласында жалпы ауданы 150 ш.м шаруашылық құрылыстарының ағаш конструкциялары және 2 тонна шөп жанған. Өрт №17 өрт сөндіру бөлімінің күштерімен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі алдын ала болжам бойынша […]