Ел болашағы – айбынды жастар.

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды Техникалық Университеті әскери кафедрасында оқу-жаттығу жиындарының басталуына арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі әскери қызметтің беделін арттыру болып табылады. Осы мақсатта, Отанды қорғаудың конституциялық міндетін орындау үшін жоғары оқу орындарында жастардың әскери даярлығын ұйымдастырудың маңызы зор.

Запастағы офицерлерді даярлау ісіне Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды ​​техникалық университетінің әскери кафедрасы да өз үлесін қосуда. Әскери кафедраның негізгі міндеттерінің бірі – еліміздің Қарулы Күштері үшін нағыз Отан қорғаушыларды – жоғары адамгершілікті және жоғары білікті техникалық запастағы офицерлерді дайындау. Әскери кафедрада мұндай дайындық тұрақты түрде жүргізіледі. Оқу-жаттығу жиынының бірінші күні «Өмірді сақта» ведомствоаралық бағдарламаларын іске асыру және әскерлердегі құқық бұзушылықтардың алу жөніндегі 2023-жылға арналған бірыңғай іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында, Қарағанды гарнизонында «Жас сарбаз» айлығы өткізілуде. Қарағанды өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасының қызметкерлерінің қатысуымен студенттерге әскери қызметшілердің қоғамдық орындарда киім кию ережелері мен өзін-өзі ұстауы, сондай ақ әскери қызметшілердің әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылатыны туралы да ақпарат берілді. Сонымен қатар студенттерге 2023 жылы оқу-жаттығу жиындарын өткізу тәртібі туралы бұйрық таныстырылды. Оқу-жаттығу жиындарына арналған салтанатты шараға 400-ге жуық әскери кафедраның жеке құрамы қатысты.

« –Аталмыш айлық жұмыстарының өткізілгені дұрыс, халыққа қызмет ететін азаматтардың адалдығы және әділдігі, өз жұмысына деген жауапкершілігі, қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуы – әрбір мемлекеттік қызметкердің міндеті. Демек, әскери қызметкерқоғамдық орында өзін дұрыс ұстап, киім кию ережесін мұқият сақтауы керек. «Өмірді сақта» ведомствоаралық бағдарламасына сәйкес студенттерге, құқық бұзушылықтың алдын алу, жарақаттануды азайту, одан өзге әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жайы, әкімшілік құқық бұзушылықты болдырмау жайын талқыладық» – деп атап өтті өз сөзінде, Қарағанды өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасы алдын алу бөлімінің бастығы Жарқынбек Молдаханов.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Стамбулдағы Араста базарынан туристер үзілмейді

Жұм Мам 26 , 2023
Оқылды: 597 Сұлтанахмет мешітінің алаңына жақын маңда орналасқан Араста базарының тағы бір атауы – Атты әскерлер базары. Осман империясы кезінде атты әскерлерге қажетті заттарды сатқан базар бүгінде жершілікті және шетелдік туристер жақсы көретін тарихи мекенге айналған. Шағын базардың ішінде түрлі кәдесыйлар, кілем, Изник қаласында өндірілген керамикалық заттар, орамал, төсекорын жабдықтары, […]