Қазақстандық жоғары оқу орындары шетелде қазақ тілін оқыту орталықтарын ашып жатыр. Олар қазірдің өзінде Түркия, Иран, Польша, Оңтүстік Корея, Беларусь, Қытай және Өзбекстан сияқты елдерде жұмыс істейді. Шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық аясында осындай тіл орталықтарының жұмыс істеуі шетелдік студенттердің қазақ тілін оқып, қазақ халқының мәдениеті мен тарихымен танысуына арналған. […]

Парламент «Ғылым туралы» Заңына түзетулерді қабылдады. Заңға енгізілген түзетулер ғылым саласын қаржыландыру мен қолдау шараларын жақсартуға бағытталған. Бұрын-соңды ғалымдардың қатысуымен өтетін әрбір кездесуде ғылыми зерттеулерді қаржыландыру мерзімін 3 жылдан 5 жылға дейін ұлғайту мәселелері көтерілетін еді. Жалақыны базалық қаржыландыру тетігіне тек басшылар мен көмекші қызметкерлерді ғана емес, сонымен бірге ғылыми […]

Жас ата-аналар енді  үйден шықпай-ақ дүниеге келген бала үшін алатын мемлекеттік жәрдемақыны рәсімдей алады. Үйден шықпай, қашықтан қолдануға болатын қызметтің саны күн сайын артып келеді. Азық-түлік пен тамаққа тапсырыс   беру оп–оңай. Киноға, тіпті басқа елге бару үшін де билет сатып алу әлде басқа қалаға ақша қаражатын аудару, мұның барлығы қазіргі уақытта бірнеше түртумен орындалатын қызметтердің бірі. Ешқандай мәселе жоқ. Бастысы интернетке қосылған смартфоныңыз болса […]

Журналистерге арналған кәсіби ағылшын тілін оқыту бағдарламасына қабылдау! Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің атынан «Next Level English» журналистерге арналған кәсіби ағылшын тілін оқыту бағдарламасына қабылдауды бастайды! Бағдарлама жұмыс істейтін журналистер үшін ашық. Қатысу шарттары: • журналист қазіргі уақытта теледидарда/радиода/баспа басылымдарында/онлайн БАҚ-да жұмыс істеуі керек • Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Көкшетау, Ақтау, […]

FAKE NEWS. FACT-CHECKING. INFORMATION MANIPULATION Түркітілдес журналистер қоры Қазақстандағы Америка Құрама Штаттары дипломатиялық миссиясының қолдауымен «Fake news. Fact-checking. Information manipulation» тақырыбына онлайн Журналистика курсын ұйымдастырады.   Екі айға созылатын Курс барысында БАҚ өкілдері жалған ақпаратпен күрес, деректерді тексеру, шынайы ақпарат пен ақпараттық манипуляцияны ажырата білуді меңгереді. Вебинарлар сериясында отандық тәжірибелі […]

Қазақстандық заңгер-студенттер ойын түрінде өткен халықаралық сот процесінде жеңіске жетті. Байқау жыл сайын «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен Халықаралық төрелік орталығының ұйымдастыруымен өтеді. Студенттер арасындағы AIFC Court and IAC Annual Moot заңгерлік жарысы Қазақстанда биыл төртінші рет өтті. Байқаудың коронавирус пандемиясына байланысты онлайн форматта өтуі өзге елдердің білім алушыларына да […]

Академиялық адалдық лигасының платформасында білім саласының сарапшылары еліміздің жоғары оқу орындарына жасалатын рейтингтерді талқылады. Қатысушылар Қазақстандағы академиялық рейтингтер сапа стандарттарына сай келмейтінін айтты. Олар жоғары оқу орындарының жақсаруына көмектесудің орнына, керісінше, сапасыз рейтингтері арқылы олардың беделін төмендетеді. Сондай-ақ ҚР Білім және ғылым министрлігінің қызметіне және жоғары және жоғары оқу орнынан […]

Қазақстан Қарулы Күштерінің құрамалары мен әскери бөлімдерінде оқу жылын қорытынды тексеруі жүргізілуде. Аталмыш шараға Қарағанды гарнизонына қарасты «Астана» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері де тартылған.  Ел әскеріндегі жауынгерлік дайындықтың нақты жай-күйін, жеке құрамның даярлық деңгейін анықтау осы айдың басында бастау алған. Тексеру жұмыстарының негізгі мақсаты – әскери қызметшілер мен басқару бөлімшелерінің […]

  Бүкіл Орталық Азиядағы ең ірі ғылыми-білім беру іс-шарасы, Нобель фестивалі 2021 жылғы 26-29 қазан аралығында «Болашақ бүгіннің өзінде»негізгі тақырыбымен өтеді. Әлемдік ғылым жұлдыздары мен инноваторлар Қазақстан, Өзбекстан және Әзірбайжандағы студияларында  сөз сөйлеп, бүкіл әлемге Ашық хабар таратады. Іс-шараны инклюзивті Даму Қоры, ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Кітапханасы және G-Global халықаралық Жобасы […]

Нұр-Сұлтанда “QazForum-2021” қазақ тілінде онлайн–контент жасаушылардың V форумы өтеді.2021 жылы 5 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында «Медиа кеңестіктің жаңа келбеті» қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың V форумы өтеді.   Форумға жыл сайын қазақтілді БАҚ саласындағы ең үздік сарапшылар, журналистер, блогерлер мен влогерлер, веб-сайттардың бас редакторлары жиналып, жергілікті және шетелдік спикерлермен кәсіби тәжірибе алмасады, сондай-ақ бейресми кездесулер өткізеді. Биыл Форум аясында «Соңғы 30 жылдықтағы қазақстандық БАҚ пен қоғам», «Жаһандық және […]