Білім министрін қолдаймыз

Министр Асхат Аймағамбетовке неге орнынан кету талаптары қойылуда және мұны ұйымдастырған қандай күштер? Қоғамдағы нағыз тектониқалық өзгерістер жалпы мақсаттарды декларациялаудан емес, нақты бір салада өзгерістер өткізуден басталады. Өзгерістерді қалайтын қалың көпшілік бар және өзгерістерді қаламайтын жеке мүдделі күштер де болады. Олар кімдер сонда ?

Мектеп жүйесінде болып өткен жақсы өзгерістер, мұғалімдердің жалақысының көтерілуі, сый-құрметтерінің қайта орнына келуі, қоғамда кең қолдау тапты. Бұл Президенттің білім саласындағы реформаларының бастамасы еді және жаңаша ойлап, жаңаша жұмыс жүргізе алатын – Асхат Аймағамбетов сияқты, жаңарған мемлекеттік топ менеджерлерді қалыптастыра бастағанының көріністері болар.

Мемлекетке бағынышты мектеп саласында өзгеріс әкелудің өзі, көптеген кедергілерге кезіккен еді. Ескі білім жүйесі былыққа толы болды. Орталық, облыстық, аудандық білім саласындағы «бюрократтар» мен мектеп директорлары үшін нағыз алтын жинайтын, «дәулетке» кенелетін жер еді. Әлі де бір орында 20-30 жыл отырған, ауыспаған директорлар бар. Отыз жыл бойы бірде-бір рет орын алмастырмаған «Елбасылықтың» бізді қандай мүшкіл жағдайға әкелгеніне барлығымыз куәміз. Қызметтің қай саласы болмасын 20-30 жыл өзгермейтін, креслоларын ешкімге бергісі келмейтін жемқорлық жүйе иелері билегенін көзімізбен көрдік, жүгін мойнымызбен көтердік. Мемлекет органдарында, барлық салаларда туыстық, ауыспайтын тек бір партиялық билік, орныққан коррупция «дәстүрлері» патшалық құрып, мемлекет аяғына тұсау салды, алдыға дами алмай қалдық. Қанды Қаңтар айы – елдің шыдамынын біткендігін және терең саяси-экономиқалық, әлеуметтік өзгерістердің уақыт оздырмай өткізілуі қажет екендігін билікке анық көрсетті.

Мектептерде басталған реформа кезегі колледж және жоғары білім орталықтарына да келді. Нағыз қарсылықтар осы алаңда болып жатқандай көрінеді. Жоғары оқу орындарындағы былық мектептен де көп. Жеке колледж және университеттерге өзгеріс жасалуы қажет. Жеке кәсіптік колледждер және Университеттердің білім беру сапасы мемлекеттік оқу орындарынан да артық болуы тиіс. Әлемдегі тенденция солай. Тек біздегі өкінішті жай, беретін білімдері таяз, тек бюджеттен бөлінетін миллиондаған қаржыны алуды ғана біледі. Көбінесе ақшаға «диплом» тарататын орталықтарға айналған. Университеттерде де пара алу мен беру, кең жайылған. Таксилетіп, «ақша» тауып, оқымай-ақ диплом сатып алған талай «таныстарымыз» арамызда баршылық.

Колледж, Университеттерде өзгерістер басталып жатыр. Реформалар аттестация өткізуден, содан кейін оқытушылардың, профессорлардың жалақысы көтерілуімен жалғасуы тиіс. Кем дегенде жалақылары 500.000 мыңнан басталуы керек, егер сапалы кадрлардың өсіп- өнуін қаласақ, университеттерде жемқорлықты жою мақсатына жетеміз десек.

Жоғары жақтағы білім саласында жалғасқан осындай «сырқат» жайдың өзгермеуін қалайтын арыз жазушыларды ұйымдастырғандар кімдер? Бұл алдымен, сол білім министірлігі іші-сыртындағы жеке колледж және университеттердің жоғары лауазымды иелері мен оларға тәуелді жақтастары шығар деген ой келеді. Иелері ішінде ықпалды парламент депутаттары, сенаторлар, министр орынбасарлары да баршылық. Кезінде заңды-заңсыз жолдармен білім ордаларын алақандарына түсіріп алғандар. Ескі «коррупциялық» жүйеден пайда көрушілер, «рентажылар». Сырттан келер жау жоқ, өз арамыздағы өзіміз «семірткен » қойларымыз бұлар… Дайын асқа ауыздары үйренген, «арам» шөппен семіргендер. Енді , мемлекет оларға: «бойларыңды түзеңдер, жинағандарыңды қалтаға тыға бермей, ел болашағына, сол өздеріңнің оқу-білім ошақтарыңның сапасын көтеруге салыңдар, дамуға атсалысыңыздар»,- десе, көнгісі келмейді, қарсылық білдіреді, домалақ арыздар ұйымдастырады.

Сондықтанда Аймағамбетовті көп болып қолдауымыз, оның жеке басын емес, болашақ сапалы білімді, өркениетті Университеттерді қолдау, өзгерістерді қалау деген сөз.  Бірақ ол өзгерістерді жүргізетін кісі- нақты адам, қабілет пен жігердің иесі – реформатор болуы тиіс.
Қазір, білім саласындағы өзгерістерді жүргізуге лайық, көпшілік қалаған шенді Асхат Аймағамбетов болып тұр. Халық – дана, көреген, біліп-сезетін шығар, әлі де сіңірер еңбегі көп боларына. Істеріне сәттілік! Ақ жол!

Қазақ Елі, болашақ ұрпақ, бостандықтар мен Демократия үшін.
#akzhol
#alash

Бейбіт Күлмағамбет Қарағанды

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Қазақстандық оқушыларға күздік және көктемдік демалыс күндері қысқартыла ма?

Дүй Нау 14 , 2022
Оқылды: 1  189 Оқу жылы 1қыркүйекте дәстүрлі форматта басталды. Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Білім және ғылым министрлігі 14 маусым күні 2021-2022 жылдары мектеп оқушыларының каникул мерзімдерін NPA порталына жариялады. Білім министрлігінің бұйрығына сәйкес каникул күндері дәл осы ретпен орналасты: Оқу жылындағы каникул кезеңдері: 1-11 (12) сыныптарда: күзгі – 7 күн (2021 жылғы […]