Қазақстанның ауылшаруашылық жерін құнарландыру мәселелері талқыланды

Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымымен (ФАО) бірлесіп «Қазақстандағы климаттық орнықтылықты қамтамасыз ету және жайылымдық жерлерді қалпына келтіруге арналған агроорман мелиорациясы» жобасының басталғаны туралы хабарлады.

Жоба жер өнімділігін қалпына келтіруге бағытталған. Осы негізде ауылдық қоғамдастықтардың әлеуетін арттыру және жер ресурстарын тұрақты басқару әдістерін ілгерілету, Қазақстанның нысаналы тозған ландшафттарында орнықты басқару әдістерін енгізу және қолданыстағы үрдістерді тұрақтандыру жолы қарастырылып отыр.

Жоба туралы кіріспе семинар 18 маусымда ParkInn қонақ үйінде өтті. Талқылауға шетелдік сарапшылар, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің бағынысты мекемелері және салалық мамандар мен қоғамдық ұйымдар өкілдері қатысты. 

Айгүл Соловьева, «Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ Басқарма Төрағасы:

«Қазақстанның экологиялық ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымымен (ФАО) келісімге сәйкес осы жобаның оперативті серіктесі мәртебесін алды.

Мұрат Теміржанов, ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы, БҰҰ ҚББҰ Ұлттық үйлестірушісі:

Қазақстандағы ФАО кеңсесімен ынтымақтастығымыздың нәтижесі бізге жердің тозуының теріс процестерінің алдын алу бойынша міндеттер қоюға және оны іске асыруға мүмкіндік береді.

Надежда Дементьева, БҰҰ-ның шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі Конвенциясының (БҰҰ ҚБО) ОШЕ және ОА елдерімен байланыс жөніндегі өңірлік үйлестірушісі:

Іс-шара дүниежүзілік шөлейттену мен құрғақшылыққа қарсы күрес күнін (әлем бойынша 17 маусымда атап өтіледі) жаһандық мерекелеудің бір бөлігі ретінде ғана емес, сонымен қатар Конвенция шеңберінде қозғалған өзекті мәселелерге жалпы жұртшылықтың назарын аудару мақсатында өте маңызды саналады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Ант қабылдады

Бей Мау 27 , 2024
Оқылды: 247 Қазақстан Республикасының қарулы күштері запастағы офицерлер мен сержанттармен толықты. Салтанатты жағдайда Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды ​​техникалық университетінің әскери кафедрасының 517 түлегі ант қабылдады. Салтанатты шараға Парламент Мәжілісінің депутаты Құдайберген Бексұлтанов, университеттің тәрбие ісі жөніндегі проректоры Абай Қалықов, әскери кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы, түлектердің ата-аналары мен достары қатысты. Құдайберген Бексұлтанов […]