Автокөліктің қысқа дайындығы

Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әскери көлік құралдары қозғалысының қауіпсіздігіне және әскери қызметшілердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының саны мен олардың салдарының ауырлығын азайту, Қарағанды гарнизонының әскери бөлімдері мен мекемелерінің жеке құрамын кәсіби дайындығы мен құқықтық сауаттылығын арттыру және жол қауіпсіздігін алдын алу мақсатында Қарағанды облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде “Автокөліктің қысқа дайындығы-төтенше жағдайсыз кепіл” айлығы аясында гарнизондағы әскери бөлімдері мен мекемелерінің әскери көлік құралдарын пайдалануға жауапты лауазымды тұлғалары мен жүргізушілер қоғамы төрағаларының қатысумен жиын өткізілді.

Шара барысында Қарағанды облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті тәрбие және идеологиялық жұмыстар басқармасының бастығы подполковник Е.С. Мұстағұлов пен Қарағанды өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасының әскери автомобиль инспекциясы бөлімінің бастығы майор Д.О. Шайкенов және Қарағанды қаласының полиция басқармасының аға лейтенанты И.С. Апкеновпен бірге, Қарағанды қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы, майор А.М.Капкеновпен Қарағанды облысының әскери басқарма жөніндегі органдарының әскери қызметшілерінің автокөліктерінің қысқы мерзімге дайындығын және қысқы мерзім уақытында жол көлік оқиғасын алдын алу бойынша қауіпсіздік шаралары жеткізілді.Жиын барысында әскери көлік құралдарды пайдалану жөніндегі нұсқаулық ететін бұйрықтардың талаптары мен Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережесінің негізгі талаптары, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөліміндегі және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне енгізілген өзгерістері айтылды. Жол қозғалысы ережелерін жиі бұзатын және ЖКО қатысы бар әскери қызметшілер жөнінде әскери бөлімдердің авто әуесқойлар қоғамдары төрағаларының жұмыстары тыңдалды. Жеке құраммен жол көлік оқиғаларының алдын алу іс-шараларын күнделікті толық көлемде, әскери бөлімдердегі техниканы дұрыс пайдалануын, ұйымдастырылуын, тиісті тәртіпке келтіру бойынша іс-шаралар өткізуін ұсынды.

Айлық барысында гарнизондағы әскери полиция қызметкерлері жиынды өткізді. Шараның басты мақсаты – жол ережесін сақтамау салдары арқылы өз өміріне қандай қауіп төндіретінін жеке құрамға түсіндіру», – деп тоқталып өтті, Қарағанды өңірлік гарнизоны әскери полиция басқармасы, әскери автомобильдік полиция бөлімінің бастығы майор Дүйсенғали Шайкенов.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

«Саналы ұрпақ» ата-аналар фестивалі

Бей Қар 9 , 2023
Оқылды: 478 Қарағанды қаласының Достық үйінде ата-аналарға арналған «Саналы ұрпақ» фестивалі өтті. Іс-шараға үш жүзден астам адам қатысты. Шара еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін сақтайтын, ұлтаралық мәдениетті дамытуға үлес қосатын, еліміздің рәміздеріне құрметпен қарайтын, әлемдік деңгейде бейбітшілік пен өркениеттілікке өз үлесін қосатын адамгершілігі биік патриот, намысты, жігерлі жас ұрпақты тәрбиелеу мақсатында […]