Қазақстанда әйелдердің ауылдағы кәсіпкерлігінің әлеуетін зерттеу нәтижелерін «Ауылдағы әйелдер кәсіпкерлігі – қолдау бағыттарын анықтау және кедергілерді еңсеру» атты дөңгелек үстелі аясында үкіметтік емес ұйымдар ұсынды. Қазақстанның 14 өңірінде мыңнан астам ауыл әйелдер қатысқан сауалнама елдегі ауылдық кәсіпкерліктің кең әлеуетінің бар екенін көрсетті: әйелдердің үштен бір бөлігі өз ісін бастағысы келеді.
Зерттеу көрсеткендей, респонденттердің 30,6% – ы шағын бизнеспен айналысады, 11,2% – ы өз ісін алдағы 3 жылда, ал 20,4% – ы болашақта ашуға ниетті. Мұндай сандар әйелдер ауыл шаруашылығының 31,6% – ға қосымша әлеуетінің болуын болжауға негіз береді. Бұл ретте респонденттердің 5% – ы кәсіпкерліктің сәтсіз тәжірибесін көрсеткен және оны қайталауға ниетті емес, 24% – ы бизнес олардың жолы емес, 9% – ы жауап беруге қиналады деп санайды.
Зерттеу сонымен қатар:
– әйелдердің ауылда өз ісін ашуының негізгі себептері;
– кәсіпкерлік қызметке алаңдаушылық, ынталандыру және дайындық деңгейі;
– негізгі үш өңірде кәсіпкерлікпен айналысуды бастау үшін негізгі проблемалар мен кедергілер (экономикалық, технологиялық, психологиялық, отбасылық және т. б.);
– ауыл әйелдерінің қолдау формаларына қажеттіліктері және мұндай жұмыс әдістеріне артықшылық беру мәселелерін анықтады.
Ауылдағы әйелдер кәсіпкерлігінің әлеуетін және қажетті қолдау шараларын анықтау мақсатында «Белестері» әлеуметтік қайырымдылық жобасының ұйымдастыру комитетінің және Coca-Cola компаниясының қаржылық қолдауымен Қазақстанның ауыл әйелдері форумының тапсырысы бойынша «Сандж» зерттеу орталығы» сауалнама жүргізген болатын.
«Егер әйелдер жұмыс орындарын құруға қатысса және бұл процесс барлық кезеңдерде жан-жақты қолдау мен қызметті сүйемелдейтін болса, онда бұл елдің әлеуметтік экономикасы мен ЖІӨ өсуіне оң әсер етеді. Нәтижесінде біз кәсіпкерлік белсенділіктің өсуін және әйелдердің әлеуметтік көңіл – күйінің жақсаруын куә боламыз – бірақ бұл үшін мемлекеттік ауқымда ауылда бизнесті бастау үшін бар кедергілерді азайтуға бағытталған шаралар кешені шешілуі тиіс», – деп түсіндірді Қазақстан ауыл әйелдері форумының ұйымдастыру комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ІV, V, VI шақырылымының депутаты Майра Айсина.
Ауыл әйелдерінің бизнес ашуының мәні тек кірісті көбейту ғана емес, ең алдымен ешкімге кіріптар болмай өз арманына қол жеткізіп, жүзеге асыру. Әйелдер негізінен сауда, сұлулық индустриясы, қоғамдық тамақтану және қонақ үй бизнесі сияқты салаларға басымырақ көңіл бөліп отыр. Әрине бұл жекелеген өңірлердің туристік әлеуетін дамытуға қызмет етуі мүмкін. Дегенмен ауылдағы әйел кәсіпкерлердің фермерлік қызметпен айналысуы төртінші орында тұр, бұл осы бағыттың әлеуетінің тиісті дәрежеде бағаланбағанын көрсетеді.
Бизнестегі сәтсіздіктерден қорқу Қазақстан бойынша орта есеппен ауыл әйелдерінің 56%-ын құрайды, ол Қарағанды, Ақмола, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында жиі кездеседі (66-81%). Негізгі қорқыныш қаржыландыруды іздеумен және ақшаны жоғалтудан қорқумен байланысты. Үшінші орында психологиялық факторлар, атап айтқанда есеп беру мен тексерудің қиындықтарынан қорқу. Алайда, бұл кедергілер «Белестері» жобасының білім беру бағдарламаларында ұсынылатын психологиялық кедергілерді жеңу және бухгалтерлік есеп жүргізу бойынша практикалық сабақтардың көмегімен шешіледі, бұл осы бағдарламаларға деген жоғары сұраныстың бар екендігін дәлелдеп тұр.
Сауалнама аясында Алматы, Түркістан және Ақмола облыстарындағы әйелдер арасындағы себеп-салдар, қауіптерге және қолдау түрлеріне терең талдау жүргізілді. Бұл өңірлердің тұрғындарының негізгі проблемалары жұмыссыздық, өмір сүру деңгейінің төмендігі, жолдардың, көлік пен байланыстың жай-күйі немесе болмауы. Сондай – ақ, Түркістан және Алматы облыстары үшін үй – жайларды жалға алу немесе сатып алу құнының жоғары болуы, ал Ақмола облысы үшін су және электр желілеріне қосылу қиындығының болуы аса өзекті. Әлеуметтік проблемалардың ішінде Алматы облысында балабақшалардың тапшылығы, Ақмола облысында – медициналық қызмет көрсету деңгейінің төмендігі, Түркістан облысында – отбасылық жанжалдар бар. Түркістан облысында әйелдер арасында бизнеспен айналысуға деген ниет айтарлықтай жоғары болса, ал 36% – ы неден бастау керектігін білмейді. 43% – дан астам Алматылық та осы сияқты, бірақ бұл ретте респонденттердің өтініш беру деңгейі айтарлықтай төмен. Ақмола облысында ауыл тұрғындары «озық» және іс жүргізу, салық салу және өнімді өткізу мүмкіндіктері туралы өз білімдерінің жетіспеушілігінен кедергілерге тап болатынын айтады.
Зерттеу сонымен қатар ауыл әйелдерінің қажеттіліктеріндегі үлкен айырмашылықты ашты. Түркістан және Алматы облыстарында қаржыландырудың басымдығы анықталды, ал Ақмола облысында оқыту семинарлары, бизнестің нақты бағыттарын оқыту, табысты кәсіпкерлермен кездесулер жиі болып отыр. Түркістан облысының тұрғындары үшін ақпараттық-кеңестік қолдау және бизнестің нақты бағыттарына онлайн-оқыту маңызды болып шықты. Алматылық кәсіпкерлер үшін табысты бизнесмендермен кездесу екінші орында тұр.
– Біздің оқу бағдарламаларымызға деген сұраныс соңғы жылдары айтарлықтай өсті. Ауыл әйелдері экономикалық қиындықтарға, инфрақұрылымның жетіспеушілігіне, әлеуметтік-психологиялық кедергілерге және басқа да кедергілерге қарамастан жұмысқа орналасу және табысты арттыру мәселелерін шешуді белсенді түрде іздейді. Біз ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, сенімді болуға көмектесеміз, біріншіден, бизнесті оқыту үшін онлайн-ресурстарды дамытуға, екіншіден, мотивациялық қолдау көрсетуге, «Белестері» жобасына қатысушылардың табысты тәжірибесінің мысалдарын таратуға ұмтыламыз»,-деді «Әлеуметтік динамика» қоғамдық қорының директоры Елена Ожго.
Қазіргі қиындықтарға қарамастан, сауалнамаға қатысқан әйелдердің көпшілігі өз ісін ашуды жоспарлап отыр, көпшілігі осы жылы жоспардан іс-әрекетке көшуге дайын. «Coca-Cola Белестері» бағдарламасы өз жұмысын жалғастырады және әйелдердің жергілікті қоғамдастықтарының сұраныстарына барынша тиімді жауап беру үшін алынған деректерді ескере отырып, әрбір салаға жеке тоқталып ерекше тәсілдерді пайдаланатын болады.
– 2022 жыл «Белестері» жобасы үшін ерекше, мерейтойлық жыл екенін қуана хабарлаймыз. 1 наурыздан бастап жобаның 10 маусымы басталады, ол екі бағыт бойынша оқытуды ұсынады: «Жаңадан бастаушыларға арналған бизнес негіздері» және «Жеке қосалқы шаруашылықтар». Оқыту онлайн режимінде қолжетімді. Жобаға бірыңғай кіру ccb.kz сайты арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ, онда әйелдер арасындағы үздік бизнес-идеялар байқауына өтінімдер қабылдау басталады. Биыл «Coca-Cola Белестері» байқауының жеңімпаздарын 20 грант күтіп тұр, олар ауыл әйелдерінің мерейтойлық 5- форумында табысталады, – деп мәлімдеді «Жасыл» экономика және G-Global дамыту Коалициясы» ЗТБ атқарушы директоры Асхат Сүлейменов.
Анықтама
«Coca-Cola Белестері» жобасы 2012 жылы «Әлеуметтік динамика» қоғамдық қорының бастамасымен және The Coca-Cola Foundation халықаралық қайырымдылық қорының қолдауымен басталды. 2013 жылдан бастап жобаға серіктес – «Жасыл» экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ қосылды. Тараптардың күш-жігерін біріктіре отырып, жоба Қазақстанның барлық өңірлерінен жұмыспен қамтылмаған әйелдерді кәсіпкерлікке оқыту бағдарламаларына тарта отырып жұмыс істейді.
2021 жылдың қорытындысы бойынша 50 мыңнан астам әйел оқытылды, конкурсқа қатысуға мыңдаған өтінім берілді, 97 әйел өзінің алғашқы бизнесін ашуға грант алды.
Қосымша ақпарат https://ccb.kz/ жоба сайтында