Ракимен бірге жергілікті Эгей жүзімінен алынған дәмді шараптар теңіз өнімдеріне ең жақсы ішімдік саналады. Топырағы мен климатының арқасында Эгей аймағы – әлемдегі ең тартымды аймақтардың бірі. Өңірдің қай жеріне барсаңыз да, жолдар сізді ғасырлар бойғы жүзімдіктер мен олардың керемет жүзімдері мен шараптарына апарады. Эгей теңізі арқылы саяхаттай отырып, сіз осы […]
Түркияның Эгей аймағындағы тағамдары құнарлы Эгей теңізіне тән ерекшеліктерден тұрады. Айвалыктан Алачатыға және Бодрумнан Датчаға дейін Эгей теңізінің жағалауындағы қалалардағы мейрамханалар балықтың сан алуан түрін, теңіз жәндіктері, атап айтқанда, устрица, сегізаяқ, кальмар және асшаяндарды қоса алғанда, ең дәмді теңіз өнімдерін ұсынады. Сегізаяқ пен кальмардан жасалған тағамдар, асшаяндардан жасалған тіскебасарлар мен […]
Зәйтүн майы түрік асханасында маңызды орын алады. Қолайлы климаты мен географиялық орналасуына байланысты Эгей жағалауы әрқашан Анадолыдағы ең көп мөлшерде зәйтүн өндіретін аймақтардың біріне айналды. Бұл тамырлы тереңге тартқан тарих пен мәдениеті Эгей тағамдарының неліктен зәйтүн мен зәйтүн майына негізделгенін түсіндіреді. Аймақтың дәмді зәйтүндері мен зәйтүн майлары Эгей асханасының көптен […]
Қазақстан Энергетика министрлігінің басшысы ДЭФ сессиясы аясында ірі энергетикалық компаниялар мен ұйымдардың басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді. Қазақстанның энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев 28-29 сәуірде Эр-Риядтағы Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ) халықаралық ынтымақтастыққа, өсу мен энергетикаға арналған арнайы сессиясына қатысты. Іс-шара мемлекеттік және жеке сектордың, халықаралық ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, ғылыми және азаматтық […]
Қазақстандық жоғары оқу орындарында кітапхана ісі бойынша 5 мыңнан аса студент білім алуда. Бұл туралы ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова ХІІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференциядағы сөзінде мәлімдеді. Бүгін Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Заманауи кітапхана – жоғары оқу орнының ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсету сапасының кепілі» […]
Түркістан қаласында Түркітілдес журналистер қорының ұйымдастыруымен, Түркияның Қазақстандағы туризм және мәдениет министрлігінің Туризм және мәдениет атташесі Солмаз Хаберал, Алпарслан Акынджы, Түркітілдес журналистер қорының президенті Нәзия Жоямергенқызы БАҚ өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында, тың тәжірибелер мен ортақ құндылықтарды біріктіру арқылы Түркістандағы туризмді одан әрі дамыту туралы сөз қозғалды. Былтыр Түркия туристерді […]
Қан кешсін – қан майданда қаймықпаған, От құшсын – жүрегі еш шайлықпаған. Даурыққан долы дұшпан,делқұлы жау, Сертінен сарбаздарды айнытпаған. Ел үшін болсын жаны жатқа құрбан, Өр сарбаз кеуде керіп сапта тұрған. Нағыз ер сыналатын сәт емес пе, Отаны бір күй кешсе отқа тұнған. Тер емес қан тамсын кеп терлігінен, Түспеген […]
Қарағанды облысында ұлттық күнтізбе аясында республикада алғаш рет Алтын адам күні аталып өтілді. Осы айшықты күнге орай қаламыздың облыстық тарихи өлкетану мұражайында Алтын адам күнінің таныстырылымы өтті. Іс-шараға арнайы келген жоғары тау-кен колледжінінің студенттеріне ұйымдастырушылар Алтын адам мен ол өмір сүрген кезең туралы жан – жақты айтып берді. Ә.Сағын атындағы […]
Әскери кинолог, орыс жігіті Қарағанды гарнизонында иттерді үйретіпті. Сөйтсе өзіне келген бір ит орысша түсінбейді екен. Бұған дейін қаншама иісшіл төрт аяқтының тұқымын жатқызып-тұрғызған маман, орыс тілін түсінбейтін итке бір де-бір сөзін өткізе алмапты. Уақыт өтіп барады. Сондықтан жанын салып, өзі білетін тәсілдің бар амалын жасап бағады, бірақ орысша бұйрық […]
Астанадағы Түркия Республикасының Елшілігінде «23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті. 1920 жылы 23 сәуір Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі құрылған күнді, Түркия Республикасының негізін қалаушы Мұстафа Кемал АТАТҮРІК “Ұлттық егемендік және балалар күні” деп жариялап, балаларға тарту етті. Сол күннен бастап 23 сәуір “Ұлттық егемендік және балалар […]