30-сәуір, сағат 11:00 де астаналық саябақта (Панфилов көш. ТК «Городской Романс») Салтанат Рақымбекова атындағы аллеяға жаппай ағаш отырғызылады.
Салтанат Рахымбекова атындағы аллеяны оның серіктестері мен пікірлестері, шәкірттері есімін мәңгі есте сақтау және оның азаматтық қоғамды, «жасыл» экономиканы дамыту мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы еңбектерін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу мақсатында 2020-жылдың қазан айында ашты.
Рахымбекова Салтанат Темірқұлқызы – «жасыл» экономика қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясының және ауыл әйелдері мен ауыл жастарын қолдау жөніндегі бірқатар қоғамдық ұйымдардың негізін қалаушы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі Кеңес мүшесі, Қазақстанның Азаматтық Альянсының президенті, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігі Қоғамдық Кеңесінің Төрағасы, «жасыл» экономиканың көшбасшысы, қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор, 200-ден аса ғылыми мақалалар мен «Жасыл жол. Expo-2017 және жасыл экономика» (2018 ж.), «Тұрақты дамудың жасыл коды» (2020 ж.) деген екі кітаптың авторы. Көзі тірісінде азаматтық қоғамның дамуына баға жетпес үлес қосты, оның ішінде жасыл экономиканы, экологияны және ауылдағы әйелдер кәсіпкерлігін дамытуда ондаған әлеуметтік жобаларды сәтті жүзеге асырып, Қазақстанның 7 аймағында жасыл технологиялар орталығы сияқты тұрақты алаңдар құрған, ауыл әйелдерінің форумдары, БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары бойынша көшбасшылар қозғалысы және т. б.жұмыстарда өз ізін қалдырды.
С. Рахымбекова атындағы аллеяға ағаш отырғызу шарасына министрлік басшылары, ҚР Парламентінің депутаттары, қоғам қайраткерлері, әріптестері, шәкірттері мен достары, Салтанат Темірқұлқызының отбасы мен туыстары шақырылды.
Ұйымдастырушылар «жасыл» экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясы мен Салтанат Рақымбекованың Қоғамдық Қоры атынан атап өткендей, осы экологиялық акция таяу арадағы бес жыл ішінде бүкіл республика бойынша екі миллиардтан астам ағаш отырғызу арқылы Қазақстанды ауқымды көгалдандыру бойынша ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың бастамасын қолдау мақсатында өткізіліп жатыр.
Дереккөз: «Жасыл» экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясының баспасөз қызметі