Қарттар үйіндегі қайырымдылық концерті

2022 жылғы 1 қазанда Өнер академиясының студенттері өнер көрсеткен «Қамқор» әлеуметтік үйінде қайырымдылық іс – шарасы өткізілді.


Қазір біздің елімізде түрлі қайырымдылық қорлары бар, сонымен бірге олар іс – шаралар да өткізіліп тұрады. Өнер Академиясы мен «Қамқор» әлеуметтік үйінің бірлесіп ұйымдастырған қайырымдылық концертіне, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Н.А. Тогузбаева, Өнер академиясының «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының меңгерушісі А.Ш.Әлімжанова мен студенттері, аға оқытушылар Қ.Е.Тауенов пен М.О.Жұмағұлов қатысты. Ізгі істің негізгі мақсаты: қарттарға көмек көрсету және қамқорлық сезімін қалыптастыру. Іс – шарада Өнер ордасының «Музыкалық өнер», «Хореография», «Театр өнері» факультетінің талантты жастары өнерлерін паш етті. Сонымен қатар халық әндері мен күйлері орындалды. Әлеуметтік үйдің қарт тұрғындары өткізілген мерекелік рәсімге өздерінің алғысын білдірді. Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының ректоры Азамат Сатыбалдыны осы бастаманы қолдаудағы әрі бұл саланы дамытудағы қосқан үлесі үшін алғыс хатпен марапаттады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, осындай қайырымдылық істері алдағы уақытта да жалғасын табады.

Жансая Иманжан
Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының 1- курс студенті

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Ыстамбұлдағы мәдени орталық қатерлі ісікті ерте диагностикалауды насихаттайды

Бей Қаз 20 , 2022
Оқылды: 1  143 Ататүрік мәдени орталығы (АКМ) сүт безі қатерлі ісігінің ерте диагностикасына назар аудару үшін үш күн бойы қызғылт жарықпен жарықтандырылды. Таксим алаңында орналасқан Ыстамбұлдың көрнекті өнер және мәдениет орталығы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сүт безі қатерлі ісігінен хабардар болу айлығына қолдау көрсету үшін 15 қазанға дейін қызғылт түспен жарқырайды. […]