Қарағандыда барша қазаққа ортақ батырлар ұлықталды

Өткен күндері Қарағанды қаласының политехникалық колледжінде Ұлт құндылықтарын сақтау мен насихаттауға бағытталған Қазақ күнтізбесіндегі 15 қараша – Қазақ батырлары күніне орай жарияланған «Батырлар мұрасы» онкүндігі аясында қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлының 220 жылдығына, Есет батыр Көкіұлының 355 жылдығына, Ақжолтай Ағыбай батырдың 220 жылдығына және қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметтің туғанына 100 жыл толуына орай жастар арасындағы 3-ші ғылыми – танымдық конференция өтті.

2018 жылдан бері Qazaq club бастамасымен қолға алынып жүрген бұл шара жастарға қазақ қоғамындағы Батырлар институтының ролі мен ұлт батырларының халық алдындағы еңбегін насихаттауға бағытталған. Биылғы жылы бұл шараға Қарағанды облысы әкімдігі де қолдау білдірді. Шараның салтанатты ашылуында сөз алған облыс әкімінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі көмекшісі Қанат Әбілхан мұндай шараның жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруде маңызы жоғары екендігін сөз ете келіп, қазақ қоғамындағы Батырлар институты мен батыр ұғымының қалыптасуына тоқталды. Одан әрі политехникалық колледж студенттері Мәжит Ербосын «Есет батыр Көкіұлына – 355 жыл» атты баяндамасында батырдың басқыншылармен күресін баяндаса, Самат Алмас «Кенесары ханның қазақ мемлекеттілігін қалпына келтірудегі еңбегі» атты баяндаманы, ал Ханат Әбдуәли «Ақжолтай Ағыбай батыр – ел қорғаны» баяндамасында батырдың отаршылдарға қарсы жүргізген әскери қимылдары жайлы сөз етті. Баяндамашы Тәңірберген Шафағат болса, «Қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметоваға 100 жыл» тақырыбында баяндама оқыды. Сонымен қатар конференция барысында шараға арнайы келген Ауған соғысына қатысушылардың «Ардагер» ұйымының төрағасы Т.Хасен, ардагерлер Ж.Жайнақ, Ұ.Қалық, С.Жақан, Б.Тайбек, Д.Әбдірахман, Чернобыль апатын жоюға қатысушылар ұйымының төрағасы М.Баекен өз естеліктерімен бөлісіп, жастарға ағалық жылы лебіздерін арнады.

Шара соңында конференцияға белсенді қатысқан жастар мен ардагерлерге «Қазақ халқының мұрасы» кітаптар сериясымен қазақтың әскери тарихы мен батырларының еңбегін насихаттау мақсатында 2020 жылы жарық көрген «Жауынгерлік Даңқ» лентасы табыс етілді.

Нұрлан Ошан

Қарағанды техникалық университетінің 

Тарих кафедрасының қызметкері

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Автокөліктің қысқы мерзімге әзірлігі - апатсыз пайлаланудың кепілі!

Сей Қар 29 , 2022
Оқылды: 623 Қазақстан Республикасы Карулы Күштерінің әскери көлік құралдары қозғалысының қауіпсіздігіне және әскери қызметшілердің катысуымен болатын жолкөлік оқиғаларының саны мен олардың салдарының ауырлығын азайту және Қарағанды гарнизонының әскери бөлімдері мен мекемелерінің жеке құрамдарының кәсіби дайындығы мен құқықтық сауаттылығын арттыру мен жол кауіпсіздігінің алдын-алу. 2022 жылдың 22 қарашасында әскери 31775 әскери […]