Қарағанды облысында кәсіпкерлер палатасы филиалдарының директорлары есептік кездесулер өткізуде. Биыл олардың форматы өзгерді.
Аудиторияларда баяндамалар мінбесінен есеп оқудың орнына қызу әңгіме жүргізуге уәде берілуде. Басшылар өңірдегі бизнестің дамуына не кедергі жасайтынын тұрғындар мен кәсіпкерлердің өздерінен естігісі келеді. Олар іс жүзіндегі және болашақ бизнесмендерден өз жұмысын жақсарту және отандық бизнесті қолдауды күшейту туралы ұсыныстарын күтуде.
Есеп беру кездесулері 20 қаңтарда басталып, апта басынан бері облыс қалалары мен аудандарында 20 кездесу өтті. Енді 6 ақпанға дейін жалғасады.
Кәсіпкерлер мемлекеттік сатып алу, БКМ құнын өтеу және POS-терминалдардың жұмысы саласындағы қолданыстағы заңнаманың жетілдірілмегендігі мәселелерін көтерді. Салық заңнамасындағы өзгерістер және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру кезінде туындайтын кедергілер талқыланды.
– «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы – бұл кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар арасындағы көпір. Шынында да, проблемалық мәселелерді, әкімшілік кедергілерді бірлесіп, диалог форматында шешу керек, – деп атап өтті Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ернар Күлпейісов.
Ол кәсіпкерлерді консультативтік-кеңесші органдардың жұмысына белсенді қатысуға және жалпы бизнестің мүддесін қорғауға шақырды.
http://www.uppkrg.kz/kk/news-region/id/29430