Қарағанды облысы әкімінің үндеуі

Видео «Азаттық рухы» сайтынан жүктелді. 

http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар.

Қарағанды облыстық баспасөз қызметі хабарлайды.

Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары!
10 күн бойы біздің еліміз төтенше жағдай режимінде өмір сүріп жатыр. Мемлекет басшысының шешімі азаматтарымыздың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін барлық ресурстарды дер кезінде жұмылдыруға мүмкіндік берді. 540 медицина қызметкері вахталық жұмыс режимімен госпитальдерге ауыстырылды.
Қорғаныс маскалары мен дезинфекциялау құралдарының жергілікті өндірісі жолға қойылды. Бірақ қазіргі жағдайда медициналық маскалармен бірінші кезекте медицина және полиция саласының қызметкерлерін, арнайы қызмет мамандарын қамтамасыз ету керек. Сондықтан мен бұл жағдайға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын. Облыстық бюджеттен материалдық-техникалық жабдықтандыруға қаржы бөлінді. Осыған дейін медицина қызметкерлерін жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету үшін облыс әкімдігінің резервтік қоры есебінен костюмдер мен маскалар сатып алынған болатын.
677 бірлік медициналық техника сатылып алынуда. Жақында тепловизорлардың жаңа партиясы жеткізілуін күтіп отырмыз. Өздеріңіз білетіндей, біздің облыста коронавирусты жұқтырудың төрт жағдайы тіркелді. Барлық төрт адам Минск – Нұр-Сұлтан рейсімен 18 наурызда ұшып келіп, сол сәттен бастап карантинге алынды. Рейстің басқа жолаушыларында коронавирус белгілері анықталған жоқ.
Медициналық персонал санитарлық қауіпсіздіктің барлық шараларын және қажетті хаттаманы ұстануда.
Осы жағдайды пайдалана отырып, 1А санатындағы елдерден қазақстандықтарды қабылдап алуға қатысты кейбір азаматтардың қорқыныштары мен наразы пікірлеріне жауап бергім келеді. Қиын жағдайға тап болған отандастарымызға адамгершілігімізді білдіруіміз аса маңызды. Біз барлығымыз бір елдің азаматтарымыз, бұл ұшақтарда бізге бөтен емес жандар ұшып келді. Бізде науқастарды қабылдау, диагностикалау және оқшаулау үшін барлық ресурстар бар. Облыстың бас санитарлық дәрігері 65 жастан асқан азаматтардың көшелерде жүріп-тұруын шектеу туралы шешім қабылдады. Аталған топқа кіретін азаматтарға азық-түлік пен дәрі – дәрмектер жеткізіліп тұратын болады. 28 наурыздан бастап ерекше өкім шығарылғанға дейін алаңы 2000 шаршы метрден асатын барлық сауда орталықтары жабылатын болады. Аталған нысандарда орналасқан тамақ өнімдерін, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сататын орындар әдеттегі режимде жұмыс істейді. Барлық сауда нысандарына тауарлар мен қызметтерді сатуды онлайн-режимге ауыстыру ұсынылды. Ол үшін қарағандылық IT-мамандар жеке онлайн-платформа әзірледі.
Сондай-ақ, ауданының көлеміне қарамастан азық-түліктік емес сауда базарларының қызметі уақытша тоқтатылатын болады. Азық-түлік жеткізу жағдайы тұрақты. Облыстық бюджеттен тұрақтандыру қорын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен толықтыру үшін қосымша бір млрд теңге бөлінді. Азық-түлік тапшылығына жол бермейміз. Өкінішке орай, карантинге қарамастан, азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіре отырып, кейбір азаматтардың саналы түрде шектеу шараларын сақтамау жағдайлар кездеседі. Азық-түлік дүкендерінде санитарлық нормаларды бұзу, жалдамалы үй-жайларда жасырын жаппай іс-шараларды өткізу фактілері анықталды. Полиция қазір заңсыз жолмен адамдарды елордаға тасымалдаумен айналысатын тасымалдаушы-жүргізушілермен жұмыс жасауда.
Карантинді бұзушылар заңның барлық талаптары бойынша жауапқа тартылатынын ескертемін. Бұл ретте ешқандай жеңілдіктер жасалмайды. Сондықтан мен сіздерден осындай құқық бұзушылыққа барар алдында мұқият ойлануды сұраймын. Құрметті тұрғындар, коронавирустың таралу жағдайы күрделі. Жағдайды дұрыс бағаламау жауапсыздық әрі қылмыс болып табылады. Сіздерді санитариялық қауіпсіздіктің барлық шараларын сақтап, мүмкіндігінше үйде отыруларыңызды сұраймын. Біздің ортақ мақсатымыз – инфекцияның таралуына жол бермей, әдеттегі тұрмыс салтына жылдам оралу болып табылады.

https://ba09.kz/food-өзге тауарларға осы сайт арқылы тапсырыс беруге болады. 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Кәсіпкерлердің президентке үндеуі

Жек Нау 29 , 2020
Оқылды: 1  184 http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевқа Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Біз, шағын және орта бизнес өкілдері, Сізге Қазақстан азаматтарының әл-ауқатына бағытталған елдегі жалпы және экономикалық ахуалды тұрақтандыру шараларын енгізу бойынша шұғыл шешімдер қабылдауға әзір болатындығыңыз үшін өз ризашылығымызды білдіреміз. Біздің еліміз, бүкіл […]