Қарағанды гарнизонына қарасты, «Астана» өңірлік қолбасшылығында «Өміріңді сақта» ведомствоаралық бағдарламасы аясында әскери прокурор, әскери басқару органдары және қылмыстық қудалау органдары өкілдерінің қатысуымен гарнизондық кеңес өткізілді.
Өткізілген іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптары Қарағанды гарнизоны әскери бөлімдері мен мекемелерінің командирлерінің назарына жеткізілді. Алқалы жиында Қарағанды облысы бойынша сарбаздар аналары комитетінің төрайымы Әубәкірова Зағира Құсайынқызы сөз сөйлеп, әскерге шақырылғандар мен жас сарбаздар арасындағы әскери қызмет мәселелеріне тоқталды.
–Сарбаздарымыздың әскери қызмет өткеру жағдайына өте ризамын. Біздің балаларымыз үшін оқыту және сабақ өткізу үшін жабдықталған сыныптар құрылған, заттай мүлікпен толық қамтамасыз ету бар, алаңда тәжірибелік сабақтар одан да қызықты өтеді деп үміттенемін. Мен осындай Отан қорғаушылармен Қазақстан азаматтары өздерінің қауіпсіздігіне сенімді бола алатындығына көз жеткіздім, – деп атап өтті өз сөзінде, Қарағанды облысы бойынша сарбаздар аналары комитетінің төрайымы Әубәкірова Зағира Құсайынқызы.