Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіровке өткір сұрақтар қойылды

Қарағандыда Лениннің ескерткішіне алаңдайтындар бар.

Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан ӘУБӘКІРОВ  халық алдында берген есеп жиыны жылдағы сценариймен өтті. Әрине, сол мемлекеттік мекемелерде еңбек ететін адамдар болды.Халық тарапынан қойылған сауалдардың басым бөлігі жол сапасы, қар күреу, коммуналдық қызметтің сапалы көрсетілуі тәрізді мәселелер төңірегінде қойылды. Әкімді мақтап сөйлеген тұрғындарда кездесті.Сондай- ақ белсенді қала тұрғыны Таисия ПЕТРОВНА көшенің тарихи атауларын  жою келеңсіздігі қашан аяқталады деген пікірін білдірді.
«Ұлы Абай ақынның өзі орыстан білім үйрен деп сол ұлтпен дос болуға үндеген еді ғой. Енді неге тарих болып қалған көше аттары өзгертілейін деп жатыр. Көше атауын өзгертуге қатысты жасалған қоғамдық жиында Ленин ескерткішін қирату керек деген ұсыныс айтылды.Осы дұрыс па? Бұл келеңсіздікке қашан тыйым болады?», – деп сұрады қала тұрғыны Таисия Петровна.
Қала әкімі Нұрлан Әубәкіров бұл сауалға «Біз бір кездері Ленин ескерткішін алып тастағанда,оны қиратып тастаған жоқпыз. Ал кейбір қалаларда мүлдем Лениннің ескерткішін талқандап тастаған болатын. Ал біз оны алып Ленин атындағы кино театрдың жанына қойдық. Сол жерде алаң бар. Бізде тарихқа құрметпен қараймыз,бірақ мағынасын жоғалтқан көше атаулары өзгеруі тиіс. Сондай-ақ сізден басқа  қала тұрғындары да көше атын өзгертуге ұсыныс білдіреді. Біз олардың да өтініштерін қарауға тиіспіз» деп жауап берді.
Қала тұрғыны Ержан Әділ Қарағандыда мемлекеттік тілдің мемлекеттік мекемелерде «өгейдің» күйін кешіп жатқанын айтты.
«Біздің осы жүйеге көніп келе жатқанымызға қаншама жыл болды. Біз үнемі бәріне шыдамдылық танытамыз. Менің жаныма бататыны мемлекеттік тілдің өз деңгейінде Қарағандыда қолданылмауы. Мысалы менің бір танысымның  баласы ұстамасы ұстап құлап, жедел жәрдем шақыртқанда әр жақта отырған маман қазақша білмейтін болып шықты. Менің танысым орысша жеткізе алмайды. Бір-бірін түсінбейді. Бала жатыр шала жансар ауырып, осыған неге талап болмайды, масқара ғой.Қарағандыда мемлекеттік қызметкерлердің бәрі орысша сөйлейді. Ал мемлекеттік тіл дегеніміз жәй ғана екінші кезекте қалып қояды. Осыған сіз өз тарапыңыздан назар аударып көңіл бөлсеңіз», – деген өтінішін білдірді Ержан Әділет.
Мемлекеттік тіл деген мәселе қала әкімінің осы уақытқа дейін «жүрегін жаралап» келе жатқан жайт екені бесенеден белгілі. Өйткені қала әкімінің қазақшасы амандық саулық сұраудан әріге көп аса қоймайтын деңгейде. Қала әкімі Нұрлан Әубәкіров бұл пікірге аса тоқталмай өтіп кетті.
«Ашық алаң» қоғам белсенділер тобының өкілі Нүркен КӘРІБАЕВ «Октябрь ауданын Жошы хан деп өзгертсек» деген ұсыныс білдірді. Қала әкімі «бұл уақыт еншісіндегі мәселе оны алдағы уақытта қарастырамыз» деп жауап қатты.

Арайлым Еркебаева

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі мақала

Абай өлеңдерін робот оқиды

Бей Ақп 20 , 2020
Оқылды: 1  341 Елімізде хакім Абайдың өлеңдерін оқу челленджі өткен жылы басталған. Енді, Абай өлеңдерін Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің студенттері жасап шыққан робот айтып береді. Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» деген сөзін студенттер іс жүзінде орындады.