http://aimaq09.kz/ – өзге де жаңалықтарды осы сайттан көре аласыздар.
Көпшілік демалыста жатып, «Қазақ тілі» күнін онлайн өткізді. «Қазақ
халқының мұрасы-Мәңгілік ел» кітаптар сериясының бастамасымен және
Қазақ тілі қоғамының қолдауымен «Қазақ күнтізбесі» жарияланған.
Ұйымдастырушылар онда ұлттық мерекелерді белгілеп, 9-сәуір «Қазақ тілі
күні» болып аталған. Бұл мерекені ұйымдастыруда елімізде қазақ тілінің
құрметін арттыру мақсаты көзделген. Эстафетаны 90-ға жуық адам
жалғастырды. Челлендж жасаушылар елімізден Моңғолия, Өзбекстанға асып, жалпы жастар мен қариялар да атсалысты.